3: Қарқаралының жасын қай уақыттан бастаған дұрыс?

«Қарқаралының жасын қай уақыттан бастаған дұрыс?» және «2: Қарқаралының жасын қай уақыттан бастаған дұрыс?» деген тақырыппен  газетіміздің өткен сандарында («Arqa Aqshamy» №3, 18 қаңтар, 2024 жыл және №4, 25 қантар, 2024) Орталық Қазақстан академиясы ұйымдастырған  «Атыңнан айналайын, Қарқаралы» атты халықаралық ғылым-практикалық конференциясының ұйымдастыру комитеті атына  келген Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты директоры   Зиябек Ермұқанұлы  Қабылдиновтың  және Тарихшылардың ұлттық конгресі басқармасы басшылығы атынан, Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университеті жанындағы  «Ел тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры,  тарих ғылымдарының кандидаты, доцент  Ерлан Сайлаубай мырзаның хатын жарияға шығардық.

Онда көрнекті ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның Орталық Қазақстандағы Бегазы-Дәндібай мәдениеті туралы еңбектеріне, сонымен қатар республиканың белгілі ғалымдарының зерттеулеріне сүйене отырып, Қарқаралы тарихын Патшалық  Ресейдің қазақ жерін отарлау мақсатында бұйрығы шыққан 1824 жылдан бастамай, 840 жылдан бастап есептеп, 1185 жылдығын 2025 жылы атап өтілуі тарихи шындыққа сәйкес келетіндігі дәлелденгендігі айтылады.

Бұл жолы «3: Қарқаралының жасын қай уақыттан бастаған дұрыс?» деген атаумен  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры Сұлтанхан Жүсіптен келген хатты оқырман назарына ұсынып отырмыз. Оқырманға айтарымыз,  хат келген уақытта Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын Қарқаралы ауданының әкімі  лауазымында болатын.

Редакциядан.

                                                                                    

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *