2: Қарқаралының жасын қай уақыттан бастаған дұрыс?

«Қарқаралының жасын қай уақыттан бастаған дұрыс?» деген тақырыппен  газетіміздің өткен нөмірінде («Arqa Aqshamy» №3, 18 қаңтар, 2024 жыл) Орталық Қазақстан академиясы ұйымдастырған  «Атыңнан айналайын, Қарақаралы» атты халықаралық ғылым- практикалық конференциясының ұйымдастыру комитеті атына  келген Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты директоры   Зиябек Ермұқанұлы  Қабылдиновтың  хатын жариялаған едік.

Қолымызда тағы бір хат бар. Ол – Тарихшылардың ұлттық конгресі басқармасы басшылығы атынан, Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университеті жанындағы  «Ел тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры,  тарих ғылымдарының кандидаты, доцент  Ерлан Сайлаубай мырзадан  «Атыңнан айналайын, Қарақаралы» атты халықаралық ғылым- практикалық конференциясының ұйымдастыру комитетіне және   Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Бейсембайұлы Құсайынға (хат келген уақытта Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Бейсембайұлы осы лауазымда болатын) арналған. Хаттың жазбаша және қағаз жүзіндегі нұсқасын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Редакциядан

2: Қарқаралының жасын қай уақыттан бастаған дұрыс?

«Атыңнан айналайын, Қарақаралы» атты халықаралық ғылым- практикалық конференциясының ұйымдастыру комитетіне,

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының әкімі Құсайын Ерлан Бейсембайұлына

Үстіміздегі жылдың 9 маусымында Орталық Қазақстан академиясының базасында «Атыңнан айналайын, Қарақаралы» атты халықаралық ғылыми практикалық конференция өтіп, онда Қарқаралы тарихын қай жылдан бастап есептелгені дұрыс деген мәселе бойынша қарақ қабылдағанынан хабардармыз. Онда көрнекті ғалым Академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның Орталық Қазақстандағы Бегазы-Дәндібай мәдениеті туралы еңбектеріне, сонымен қатар республиканың белгілі ғалымдарының зерттеулеріне сүйене отырып, Қарқаралы тарихын Патшалық  Ресейдің қазақ жерін отарлау мақсатында бұйрығы шыққан 1824 жылдан бастамай, 840 жылдан бастап есептеп, 1185 жылдығын 2025 жылы атап өтілуі тарихи шындыққа сәйкес келетіндігі дәлелденген.

Халықаралық ғылым-практикалық конференцияның осы қарарын көптеген ғылыми мекемелердің қолдау білдіріп жатқанына хабардармыз. Сонымен қатар бұл шешімнің дұрыстығы туралы мақалалар баспасөз беттерінде, атап айтсақ: «Egemen Qazaqstan» «2023, 5 маусым, №104, «Ortalyq Qazaqstan» (2023, 15 маусым), «Arqa Aqshamy», (2023, 18 мамыр) және «Qaragandy Habary» (18 мамыр) газетерінде жарияланған болатын.

Сонымен қатар, «Хабар  24» (https://youtu.be/4MEnbLukUy4), SARYARQA (https://saryargatv.kz/kz/news/29587) телеарналарында хабарлама шыққаны белгілі.

Қазақстанның киелі мекені – Қарқаралы тарихын қай жылдан бастап есептеу қажеттігі мәселесінде Патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау мақсатында шығарған 1824 жылғы бұйрықтың уақытынан бастап емес, республиканың белгілі ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін талқылап шешім шығарған халықаралық ғылыми-практикалық  конференцияның қарарын қолдайтынымызды білдіреміз.

Тарихшылардың ұлттық конгресі басқармасы атынан да мемлекеттік маңызы зор, идеологиялық мағынасы бар бұл шешімді дұрыс деп санаймыз.

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті жанындағы

 «Ел тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры,

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Ерлан Сайлаубай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *