Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы – жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі – ұстаздық. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.
Осы орайда өзімнің жұмысыммен бөліскім келеді. Шет жалпы білім беретін мектебінің 5-10 сынып оқушылары арасында Мойынты болыстығының №4 ауылында дүниеге келген, Шет ауданы өңірінде ашылған алғашқы бастауыш мектептің мұғалімі, ұстаз, Орталық Қазақстан халық ақындары арасында есімі белгілі ақын Дәлмағанбетов Тұңғышбек жайлы «Еңбегімен елеңген ардақты ұстаз» атты конференция өткіздім.
Конференция мақсаты Дәлмағанбетов Тұңғышбектің өмір жолымен танысу, оқушылардың ұлағатты ұстаз жайлы оқып-үйренуде өзіндік дағды қалыптастыру және ұстаздың еңбек жолымен таныстырып, оқушыларды ұлы ұстаз есімін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Тұңғышбек ағай өмір кілті оқу мен білімде екенін ұғынып 1920жылы Қарқаралыдағы үш айлық мұғалімдер даярлайтын курска түсіп, білім алып, мұғалім болып жұмыс істеуге құқық берілген құжатқа ие болды және де бірнеше лауазымды қызметтер атқарған.
Ата жолын қуған немересі Тұңғышбекова Мейрамгүл Кәкенқызы ҚарУде математика ұстазы. Және де жиендері Төлеу Күнжолұлы, Атығай Күнжолұлы Астана қаласындағы Агрорлық университетте ұстаздық қызмет атқарады.
Жиынға Дәлмағанбетов Тұңғышбек ұстаздың немересі ауыл кітапханасының кітапханашысы, көп балалы ана Адулова Гүлнар Ербекейқызы келіп, қандай ата болғанын әңгімелеп беріп, ұстаздың өз қолымен жазған өлең жинақтарымен таныстырды.
Сонымен қатарДәлмағанбетов Тұңғышбек өлең, толғаулар мен дастандар қалдырған ақын. Ақындар айтысында да өзінің шығармашылық әлеуетін байқата білген. Ұрпағы ақын мұрасын жинақтап кітап етіп шығарған.
1970 жылы Шет ауданы тарихында өзіндік орны бар тұлға, құрметті ұстаз, ақын, айтыскер, ел таныған азамат дүниеден озды.
Алайда ұстазымыздың көзі кетсе де, артынан қалған ұрпақтары әке атын өшірмеді. Мектептің ұлағатты ұстаздардың бастамасымен Адулова Гүлнар Ербекейқызы жанұясының қолдауымен 2022 жылдың 8 қарашасында мектебімізде Дәлмағанбетов Тұңғышбек ұстазға арнап бастауыш сынып дәрісханасында ғылыми ізденіс бұрышы ашылды. Сонымен қатар Дәлмағанбетов Тұңғышбек ұстаздың шөберелері Досшанова Саулет, Серік Алия атасының өлен жолдарынан үзінді оқыды.
Ашық конференция соңында ұлағатты ұстазға арналған өлең шумағымен аяқтайдым.
Тұңғышбек ұстазға арналады
Құрайын жібек сөзбен өлең-өрнек,
Шын мықтының еңбегін елеген ек.
Білімді – ұстаз, білікті – маман болып,
Қызмет еткен жансыз сіз шебер өрлеп.
Әрқашанда ісіңе адал болдың,
Жемісін ертеңгі күн көреді ел деп.
Сіз секілді ұстаздан үлгі алып,
Ұлтым дейтін ұландар өне бермек.
Жалпы бұл конференцияда оқушылар өздеріне біраз мағлұмат алды.
Айзат Қуандықова,
бастауыш сынып мұғалімі
Үңірек ауылы