Қазіргі қоғамда құрылыс пен сәулет саласы экономиканың негізгі тіректерінің бірі. Қалалардың дамуы, инфрақұрылымның жетілдірілуі, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың салынуы – барлығы да осы сала мамандарының еңбегінің нәтижесі. Құрылыс және сәулет мамандықтары тек техникалық білімді ғана емес, шығармашылық ойлауды, жауапкершілікті және заманауи технологияларды меңгеруді талап етеді.
Сәулетші – болашақ ғимараттардың сыртқы келбетін, эстетикалық үйлесімділігін және функционалдық құрылымын жобалайтын маман. Ал құрылыс инженері сол жобаны нақты өмірде жүзеге асырып, оның беріктігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл екі мамандық өзара тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып отырады.
Бүгінгі таңда құрылыс саласында инновациялық технологиялар кеңінен қолданылуда. «Ақылды үйлер», экологиялық таза материалдар, энергияны үнемдейтін жүйелер – мұның барлығы сәулет пен құрылыстың жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Сондықтан бұл сала мамандарына қойылатын талаптар да артып келеді.
Құрылыс жәнес әулет мамандықтары – қоғамның дамуы мен өркендеуінде ерекше орын алатын маңызды салалардың бірі. Бұл мамандық иелері тек ғимарат тұрғызып қана қоймай, адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады, қалалардың көркін қалыптастырады. Болашақта бұл сала одан әрі дамып, жаңа технологиялармен толыққан сайын білікті мамандарға деген сұраныс арта береді. Сондықтан құрылыс пен сәулет бағыттарын таңдаған жастар үшін үлкен мүмкіндіктер мен жарқын болашақ күтіп тұр.
Сіздерді еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті білім ордасына оқуға шақырамын!
Қарлығаш НҰРЖАНОВА,
«Әбілқас Сағынов атындағы
Қарағанды техникалық университеті»
Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы,
педагогика ғылымдарының магистрі
