(Мақаланың алғашқы нұсқасы «Қазақстан архивтері» атты журналдың
2009 жылғы №4 санында 56-68 беттерінде басылып шыққан.
Биылғы 240 жылдық мерейтойға орай сәл толықтырылып, қайта жарияланып отыр)
Жакин Мәулен Советұлы
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті,
Тарих факультеті, «Археология, этнология және Отан тарихы» кафедрасының профессор ассистенті,
«Этномәдени және тарихи-антропологиялық зерттеулер Орталығының» аға ғылыми қызметкері;
тарих ғылымдарының кандидаты;
Мақала Арғын-Қаракесек ішіндегі Керней руының белді тұлғаларының бірі — Байсейіт Қырбасұлының өмірбаяндық тарихына арналады. Тарихи тұлғаның туған жылы, өмір жолындағы ұстанымы мен саяси көз-қарасына байланысты мәселелер фольклорлық және мұрағаттық деректердің негізінде салыстыра отырып, сыни талдау арқылы сол заманда орын алған оқиғалардың мазмұны мен мән-жайы аясында қарастырылды.
Бәйсейіт Қырбасұлы – Шет өңірін жайлаған бесата елінің ішіндегі ең ірі тарихи тұлғалардың бірі. Оның өмірі мен тұлғалық мінез-құлқы жайлы аңыз әңгімелерді ел ішінен ұзақ жылдар бойы тірнектеп жинап, зерттеп, жарыққа шығарған өлкетанушы, шежіреші Төрехан Майбас […] және өлкетанушы-жазушы Кәмел Жүністегі […].
Осы жиналған мұрадағы ең басты ерекшелік – оның жан-жақтылығында. Тұлғаға тән бай мінез аңызда сан қырынан көрініс тапқан. Дегенмен, ел санасында уақыт сүзгісіне түсіп, екшеліп, өмірде бағдарлық қызметін атқаратын құндылық қалпына ие болған аңызда тарихи оқиғалардың желісі, жасалған нақты іс-әрекет пен қалыптасқан қарым-қатынас көмескі тартып, жадыдан тыс қалады. Зерттеу барысында аңыздағы көмескіленгенді мұрағат құжатында баяндалған деректер арқылы нақтылай түсу – тұлғаның ел санасында қалыптасқан бейнесін өзгертуге бағытталмайды. Ол мүмкін де емес. Халық айтса – қалып айтпайды. Бұл бұлжымас қағида. Бұған ешкім күмән келтіре алмайды.
Ал, мұрағаттың қарама-қайшылықты пікір тудыратын шытырман оқиғалы тың деректерін аңызбен салыстыра талдағанда зерттеуші нені көздемек? Оқырман көкейіне алдымен оралатыны осы ой. Бұл сұраққа жауап қарастырып отырған сол заман мен оның адамының өзара әрекеттестігінің ерекшелігінде жатыр. XIX ғасыр – дәстүрлі тірлік пен отаршыл билік арасындағы итжығыс арпалыстың заманы. Жергілікті халықтың тірлігіне жайлы, көңіліне қонымдысы — отаршыл биліктің мүддесіне қайшы келді. Отаршыл биліктің көздегені — жергілікті халықтың еркін тірлігіне шек қойды. Сондықтан, отаршылдың «қара» деп даттағаны — халыққа «ақ» болып, халықтың «ақ» деп бағалағаны — отаршылға «қара» болып көрінетін заман туды.
Әрине, заман тынысын бейнелейтін бұл теңеу тым жалпы алғандағы тұжырым. Ал өмір шындығы, оның ішінде, нақты бір кеңістік нүктесі мен уақыт кезеңінде өрбіген адам тағдыры қайталанбас құбылыс. Өмірде «ақ» пен «қара» бірге жүреді. Танымның мақсаты — «ақтың» ақтығын, «қараның» қаралығын дәлелдеу емес, олардың арасындағы қарым-қатынастың нақты бір тұлғаның өмірінде қалай орын алатынын түсінуді көздейді. Бәйсейіт бидің өмірбаянын сыни талдау сүзгісінен өткізгендегі мақсат – осы құбылыстың сырына үңілу.
Ал, тұлғаның өмірбаянын ретімен зерттегенде алдымен анықталатын мәселе — туған жылы және өмір сүрген уақыты. Бұл мәселе дұрыс анықталмаса – ол туралы жазылған пікір жалған түсінік қалыптастырып, кейінгі тарихи тұлғалардың өмірбаянына қатысты ізденістерді де адастыратын жолға түсіреді. Бұл тұжырым Бәйсейіттің туған жылын анықтаудағы ізденістерге тікелей қатысты.
Жоғарыда аталған екі зерттеушінің бірі — Төрехан Майбас қолында нақты дерек болмағандықтан, туған жылдары жайлы кесімді қорытынды жасамаған. Тек, ел аузындағы аңызда Бәйсейіттің Жанқұтты, Құнанбайлардан бір мүшел жас үлкендігін айтқан. Ал, екіншісі – Кәмел Жүністегі, ақсақалдардың дерегіне сүйендім дей отырып, мынадай өзіндік қорытынды шығарған. «Шырағдан» атты соңғы еңбегінде: «Бәжең кешегі үлкендердің айтуына қарағанда, Жанғұтты шешеннен жасы үлкен. Нүреке ақсақал Жанғұтты мен Бәжең арасы мүшелге жақын десе, Сырымбеттің Қасымы «Бәжең мүшел жас үлкен» дегенді кесіп айтатын. 1864 жылы берілген Есбайдың асында болған Бәжең 60 жастың мұғдарында» — еді дегенді көне көз қариялардан естігенбіз. Сонымен, Бәжең 1805 жылда туған болып шығады» — дейді […].
Бұл жерде көңіл аударатын үш мәселе бар:
1-ші – Бәйсейіттің Жанқұттыдан «мүшел жас үлкен» дегенді кімдердің айтқаны (Нүреке, Сырымбеттің Қасымы) — нақты ауызша дерек […]; бұған ешкім күмән келтірмейді;
2-ші — 1864 жылы … Бәжең 60 жастың мұғдарында «дегенді көне көз қариялардан естігенбіз» — деген мәліметті автор дәлелсіз келтіріп отырғандықтан, мынадай сұрақтар туады: неге осыны айтқан «көне көз қариялардан» ең болмаса біреуінің аты, немесе, көпшілік атынан «естігенбіз» — деп тұрған соң, сол, өзімен бірге осыны «естігендердің», біреуінің аты аталмайды? Автордың айтқысы келген солқылдақ пікірін көптің атына дәлелсіз сілтей салуы күмән тудырады.
3-ші – автор неге екені белгісіз, Шет өңіріндегі қай ірі тұлғаның өмірбаянын қарастырса да, оны Шортанбай бабасының туған жылы — 1818 жылдың төңірегіне әкеліп тірейді немесе осы жылды кез келген тұлғаның жасын анықтаудағы шындықтың тұғырлы өлшемі ретінде қарастырады. Мұндай қорытындыға келуге автордың келесі пайымдаулары себеп:
1) Жанқұттының туған жылы мұрағат деректерімен 1803 жыл екені 2005 […] және 2008 жылғы зерттеулермен дәлелденіп шықса да […], оның дұрыстығына күмән келтірер дәйекті деректі келтірмей, «Шортанбай мен Жанқұтты құрдас» … «Жанғұтты Кенесары хан қайтыс болған соң бір жылдан соң елге оралғанда 30 жаста екен» … «Сонда бұл 1848 жылға дәл келеді де, Жанғұтты 1818 жылы туған болып шығады» дегенді қайталап жазады […]. Автордың бұл тұжырымдарының бір де бірі шындыққа маңайламайтыны мұрағат деректерімен салыстырып талдағанда анықталып, мұндай қате түсініктер қалай қалыптасатыны ашып көрсетілген [Қараңыз: Жакин М.С. Жақсы Жанқұтты: аңыз және дерек (сыни талдау тәжірибесі) // ҚарМУ хабаршысы, 2008. №2. 15-22 б.]. Егер, автордың бұлай пайымдауы анықтап «білгенінен» емес, құлай «сенгенінен» туындап жатса, оған дауа жоқ. Бірақ, бұның ғылыми зерттеуге еш қатысы жоқ, автордың жеке басының еркі.
2) Дәлелін ақсақалдар: Анарбек жыршы: «құрдас», Қасым: «арасы бір жас», Ілияс молла «елге оралғанда 30 жаста екен» — деп айтты дегенімен, олардың ешқайсысы да «Жанқұтты 1818 немесе 1817 жылы туды» — дегенді айтқан жоқ […].
3) 2008 жылғы Жанқұттыға байланысты зерттеуде анықталғандай, ол Кенесарының көтерілісінен 1848 жылы емес, қаракесек түгел дерлік Қаратауға ауған, 1832 жылдан, 10 жылдан кейін, 1841-42 жылдары елге оралғанда, шыныменен, туған жылы 1803 болғандықтан, 38-39 жаста болды […]. Жанқұтты Кенесары қайтыс болғаннан кейін емес, оның көтерілісінен бүкіл қаракесек амалсыз, мал жерсінбеген соң, 1838-1843 жылдары кейін қайтқан көштің соңында 1842 жылы елге келді. Елдің жаппай кейін оралғаны жөнінде Мәшһүр Жүсіп те қазақ тарихына қатысты шежіресінде: «ауған ел Шуға, Қаратауға барғанмен, малы жерсінбей, бара жатқанда, жолшыбай қашып, алақыстай Құдайдың құтты күні қашып, дамыл бермеген соң, Кенесары елді өз еркімен қайтармайтұғындығын білген соң, жаз шыға ел тау-таудың басынан өрт салып, өрттен қашқан кісі болып, тұра-тұра көше жөнелген де, сол көшкен бойымен Арқаға қарай ауа жөнелген. … Сонан соң Кенесарыға арман болған: «Арқадағы елді тілімді алдырып, аудырғанмен, Қаратау мен Шу мал қонысы бола алмағаннан, қайтып кетті-ау! Қырғызды бостырып, Алатауды түгелімен алып, Қуандық, Сүйіндікті соған орналастырсам-ау!» — деген Кенесарының орындалмаған арманы туралы аңызды баяндайды […]. Жанқұттының да амалсыздан сол көштің соңында елге оралғандығына дәлел – 1842 жылдың 16 желтоқсанында Әлтеке-Сарым болысының басқарушысы сұлтан Ғазы Бөкейұлының орнына болыстыққа сайланады […].
Ілияс молланың айтқаны мұрағаттың дерегімен дәл келмесе де, тұспалдас келіп тұр. Ол тұспалдап «30» — деп айтты ма, әлде, жаңылып, нақты «30» — деп айтты ма, «Кене хан көтерілісінен» — деді ме, әлде, жаңылып, «Кене хан қазаға ұшыраған соң» — деді ме, әлде, анық айтылған аңыз, автордың көкейіндегі өзіндік ойының ықпалымен өзгеріске ұшырады ма?, оны қазір бір құдай және осыны қағазға өз атынан түсірген автор біледі. Ал, бұдан кейін, кім «құрдас», кім «арасы бір жас» десе де, ол — Жанқұттының 1818 жылы туғандығына дәлел бола алмайды. Керісінше, егер Шортанбай мен Жанқұттының аңыздағы «құрдас» дегені шындық болса, осы уақытқа дейін Шортанбайдың туған және қайтыс болған деп жүрген жылдардың (1818-1881) дұрыстығына күмән туады. Ал, бұл толық анықталған дерек десек, онда олардың құрдастығы жөніндегі болмайтын орынсыз дауға нүкте қою керек!
4) Шортанбайдың қайтыс болған жылын да 1881 деп алып, аңызда Шортанбай Жанқұттының үйінде қайтыс болғандығын алға тартып: «Соған қарамастан Жанғұттыны 1871 жылы өлді деп үсті-үстіне жазатынына таңсың. Жәкең өз ажалынан 10 жыл бұрын өлмесе керек» […] — деп кейиді автор. Ал, Шәкәрім жазбасы бойынша Құнанбайдың 1874 жылы Меккеге барғаны, одан бір жыл бұрын Жанқұттының Меккеде қайтыс болғаны жөніндегі аңызды сол Ілияс молланың баласы, ғалым, фольклор маманы, Мұхаметқали Ілиясұлының Шет өңірінің тарихына арналған 1998 жылғы зерттеудің қосымшасында жариялағаны […] авторға белгілі дерек. Сонда, автордың: «Шортанбай Жанғұттының үйінде Жәкеңнің көз алдында қайтыс болған» — дегені рас болса, Шортанбайдың 1873 жылдан бұрын қайтыс болғаны шындыққа жақын болып шықпай ма? Мәселенің бір шетін көтеріп, екінші шетін басып отырудың керегі не? Екі пікірдің де күмән тудырар тұсы – аңыздардың тарихи деректермен толық дәлелденбегенінде. Ал бұл жағдай дау көтеріп, кеюді емес, біздерден жаңа ізденістерді талап етеді.
5) Осындай, аңызды қолданудағы шектеулі әдіс-амалдармен қалыптастырып алған түсініктен автор Бәйсейіттің де туған жылын сол «Шортанбай туды» — деген 1818 жылдан және одан «арасы бір жас», «Жанқұтты туды» — деген долбармен, 1817 жылдан бір мүшелдің жасын алып: «Сонымен, Бәжең 1805 жылда туған болып шығады» — дейді […].
Енді осы тұжырымды мұрағат деректерімен салыстырып көрейік.
1-ші дерек — 1842 жылғы 13 тамызда жазылған Қарқаралы сыртқы округтік приказының Сібір қазақтарының Шекаралық басқармасына берген рапортында: «Байсеит, сын Кырбашев, старшина, за 50 лет. Скромный, самолюбив. Очень богат. Карсон-Кирнеевской волости, рода керней, отделения дау-тюйте. Управляет аулом. Летние кочевки при урочищах Актам, Джалтам, Аиртав, по речкам Муюнды-Чумек, Сары-су и окрестностям оных, за 350 верст к западу, там же и зимовья» […] — десе,
2-ші дерек — 1849 жылы жазылып, 1850 жылдың 11-ші ақпанында Қарқаралы сыртқы округтік приказдың Сібір қазақтарының Шекаралық басқармасы бастығының қызметін атқарушы полковник Е.А. Клейстке берген хабарламасында: «… Байсеит Кырбашев, старшина, 67 лет. Очень богат. Карсон-Кирнеевской волости. Управлял аулом. Летние кочевки по рекам Сары-су, обоим Нурам и Байгаре; зимние — Пирназар и Кара-Еспе» […]. – дейді.
3-ші дерек — 1842 жылы Бәйсейіт, елдегі ең қадірлі тұлғалар: Есберген Садырбайұлы, Бегалы Жәутікұлы, Кадыр Айткелұлы, Шешен Қарашұлымен бірге, Омбыға, Қарқаралы уезінің заседателі Неговскийдің қызметінің мүмкіндігін жеке басының пайдасына асыру мақсатында, Шет өңіріндегі елді аралап, жылу жинап, орынсыз салық салған, пара алған былық істерін әшкерелеу ісі бойынша шақырылып, тергеу сұрақтарына жауап бергенде жазылған. Сонда: «1842 года июня 22 дня, доставленный при отношений Каркаралинскаго Окружнаго Приказа, от 22 числа сего месяца за №2755, Старшина Байсеит, допрашиван и показал:
Зовут меня Байсеит, сын Кырбасов, от роду имею 56 год, грамот незнаю, веры магаметанской, женат, имею одного сына и двух дочерей, Каркаралинскаго округа, Карсон-Кирнеевской волости старшина, подсудом небыл и ни какому наказанию не подвергался. … Что истинно справедливо показал, в том приложил свою имянную печать» – деген, Бәйсейіттің өз аузымен айтылғанды қағазға түсірген түсініктемесі мен бетпе-бет беттестіру кезінде алынған көрсетулерге: «Подлинныя подписали: Показания отбирал и очную ставку давал чрез переводчика, Исполняющий должность чиновника особых поручений, при Главном управлении Западной Сибири Семенов; Показание и очную ставку переводил и показателям вычитывал, переводчик Пограничаго Управления Дабшинский. За депутата находился Старшина Джапалак Кошкаров, в том приложил свою печать. С подлинным верно: И.Д.Ч.О.П. И.Семенов.» […] — деп, шенеуніктер өздерінің мөрлерін басқан.
Осы келтірілген мұрағат деректерінен Бәйсейіттің туған жылының үш түрлі нұсқасы белгілі болып отыр: 1791-92, 1782, 1786. Ал, Кәмел Жүністегінің «1805 жыл» — деген нұсқасына жазбаша деректе тіркелген жылдардың ешқайсысы да маңайламайды.
Ал, осы үш нұсқаның хатқа түсу тарихына үңілсек — төмендегі жағдайлар анықталады:
Бірінші нұсқадағы — 1842 жылы «за 50» — деп берген дерек, жоғарыда келтірілген заседатель Неговскийге байланысты істің, 102-ші парағында, Бәйсейіттің өз сөзімен: «от роду имею 56 год» дегенді, алдыңғы 46-шы парақта жұрнақ-жалғауын өзгертіп, шенеунік өз атынан жоғары жаққа есеп қылып бергенде: «50 лет» — деп өзгерткенінен шыққан […]. Сондықтан, бұл нұсқа тұспалдан шыққандықтан есепке алынбайды. Бірақ, кейінгі ресми құжаттардың бәріне Бәйсейіттің өз аузынан айтқан жасы емес, осы шенеуніктің есебінен алынған мәлімет енгендіктен, көпшілік осыған сүйеніп, 1842-ден 50 жасты шамалап алып, Бәйсейіттің туған жылы 1791-1792 деп ойлауға себеп болған. Осы түсінікпен алғанда, ел ішінде де Жанқұтты мен Бәйсейіттің арасы «бір мүшел» деген аңыз осы тұспалмен берілген мәліметтің негізінде тарағаны қисынға келеді. 1803 пен 1791-92 жылдардың арасы толық бір мүшел – 12 жыл. Аңызбен дәл келеді.
Екінші нұсқада, 1849 жылы неге 67 жаста деп бергенін, алдындағы Жанқұттыға байланысты мақалада анықталғандай – 1849 жылдың дерегін 1850 жылы, яғни, Құнанбай өзі билікке орныққаннан кейін, аға сұлтандыққа сайланарда Бәйсейіттің өзіне тікелей қарсы шығып, Есеттің Көпбайын ұсынған бақталасы ретінде, болашақта өзі билікке таласқа түспес үшін, 4 жас қосып, қартайтып көрсетіп отырғанынан аңғаруға болады. Бірақ бұл тұста айта кететін бір мәселе — Көпбайдың аға сұлтандыққа Құнанбаймен қатар ұсынылғандығы осы оқиғаға қатысты мұрағат дерегімен дәлелденбейді. Ол жиналысқа округтік приказ 1849 жылы 11 мамырда жазбаша түрде, алдын-ала, арнайы хат арқылы болыс билеушілеріне хабар жіберіп, кейін нақты кімдердің келгендігін: «… прибыли и находятся в местах распоряжения Приказа налицо, а именно» — деп, басқа болыстардың сұлтандары, болыстары, билерімен қатар Шет өңірінен: «… старшина Ботантаев, бий Джавтиков, старшина Айткелев»-терді атайды […]. Бірақ, бұл тұлғалардың бәрі сайлауға ресми түрде шақырылып, қатысқан адамдар, ал, Төрехан Майбастың аңызда баяндаған оқиғасы бұл жиналыстың алдында кімді сайлайтындарын алдын-ала өз ішінде пісіріп алу үшін жиналған ресми емес жиында орын алған болу керек. Бәйсейітпен Сарым атынан Ботантайұлы Жанқұтты, Кәрсөн атынан Жәутікұлы Бегалы, Қояншы-Тағай атынан Айткелұлы Қадырлардың пікірлері бір болғаны сайлау кезінде аталғандардың бәрі де Құнанбайға емес, Құсбек Тәукеұлына дауыстарын бергенінен байқалады. […]. Бұл дерек бесатаның жақсыларымен Құнанбайдың арасы осы кезден салқындай бастағанын дәлелдейді. Өзімен құрдас, ел алдындағы беделі күшті Жанқұттыдан 4 жас алып, 3 жасқа жасартып, немесе, кейін жарияланған, тағы сол өзі аға сұлтандыққа бекігеннен кейін 1850-ші жылы ресми түрде шенеуніктер (Шекаралық бастықтың қызметін атқарушы полковник Клейст пен секретарь Яценко) дайындаған формулярлы тізімдегі дерек бойынша туған жасына 8 жас қосып, өзінен 9 жасқа қартайтып […], өзінен жасы да үлкен, ықпалы да күшті, белсенді қарсыласы Бәйсейітке 4 жас қосып, қартайтып берген мәлімет бір қолдан шыққан құжаттар. Бұны да сол 1850 жылы аталған полковник Клейстке 1849 жылдың мәліметі деп қол қойып берген Заседатель Дабшинский мен Секретарь Людницкий […].
Үшінші нұсқада, Бәйсейіттің өз аузымен аталған жасы — 1842 жылы 56-да болса, туған жылы — 1786 жыл болады деуіміз қисынға келеді. Және бұл түсініктемені бергенде Бәйсейіттің өз жасын не ұлғайтып, немесе, жасартып көрсетуге ешқандай себеп жоқ. Ол іс шенеунік Неговскийдің тағдырын шешуге байланысты қозғалған. Ал, Бәйсейіттің жәбірленуші ретінде жасы үлкен бе, әлде жас па, оның тергеу үшін де, іс тағдырының шешілуіне де ешқандай қатысы жоқ.
Ал енді, Бәйсейіттің жасын анықтағанда ақсақалдардан естіген аңызды долбармен қисындырып әкеліп, бабасы Шортанбайдың туған жылынан алып анықтаған кейінгінің жазушысына сенеміз бе?, әлде, деректі тұспалдап өзгерткен сол заманның шенеунігіне сенеміз бе?, әлде, сол деректің негізінде шамалап болжаған ел аузындағы аңызға сенеміз бе?, әлде, қарастырып отырған тұлғаның ақыл-есі сау кезінде өз аузымен айтып, жаздырған жылына сенеміз бе? Соңғы нұсқаға ешкімнің күмән келтіретін қисыны жоқ. Бәйсейіттің туған жылы – 1786 жыл!
Ал, қайтыс болған жылы туралы мәлімет әзірге тек аңыздан ғана белгілі болып отыр. Төрехан Майбас: «Бәшекең шөберелерін де көрген. Тоқсанында көрген шөбересінің есімін де өзі Тоқсантай деп қойған» — деп жазады […]. Салыстыратын мұрағат дерегі қолда болмаған соң, кесімді пікір айту әзірге ертерек.
Орынды кезінде еске тағы да сала кететін мәселе — ақсақалдардың «естіген құлақта жазық жоқ» — деп естігенін өзгертпей сол қалпында айтатынына тағы да көзіміз жетіп отыр. Дегенмен, естігенін сақтау қабылеті де мәңгі емес, жаңылу да мүмкін. Сондықтан, оны міндетті түрде басқа деректермен салыстыру керек. Ал, Кәмел Жүністегінің осындай мәліметтерді өз ыңғайына қалай келсе, соған қиыстырып қолданғаны, еш қисынға келмейтін қорытындыға келуіне себеп болған. Бұлай, кез келген ізденуші, аңызда айтылғанды байыбына барып түсінбей, деректің басқа түрлерімен салыстыру арқылы астарына үңілмей, өз пайымымен қолдана берсе, оның қандай қателіктерге ұрындыратынына тағы да көзіміз жеткендей. Ғылыми ізденіске жат мұндай әрекетке, орынды сын уақытында айтылмаса, қолына қалам ұстап жүргендердің бірінің астына бірі көпшік қойып, мәймөңкелегендерінің құны бес тиын. Сын түзелмей, мін түзелмейді!
Енді, Бәйсейіттің ел санасындағы бейнесі мен ел басқаруда алған орны туралы мәселеге келсек, аңыз – негізінен, үлгі болатын жағымды жағын, мұрағаттық дерек – негізінен, қарама-қайшылығын баяндайды. Біріншісі — өнеге, екіншісі – cабақ. Адамның өмірге беймделуінде еліктеу мен білу, үйрену қандай маңызды роль атқарса, тарихшы осыны негізге алып, аңыздағы үлігі-өнеге алдамшы болмасын, мұрағаттағы дерек ізгі ниет пен жақсылықтан үмітін үзбей, құбылыстың мәніне терең бойлап, тұңғиық сырын түсінсін деп, екеуін де салыстырып, бірін-бірі толықтырсын деген ниетпен қарастырса игі болар еді.
Мысалы: Аңызда қалыптасқан тұлғаның бейнесін Төрехан Майбас: «Бәйсейіт Арқаға Бәшекең, Біжікең атанған белгілі тұлға. Жиені Бәйсейіт туғанда Қанжығалы қарт Бөгенбай: Маңдайына ел сыйғандай екен, Желкесіне жер сыйғандай екен, Аузына мал сыйғандай екен» […], – депті. «… Бәйсейіт Арқадағы аузын айға білеген билердің көшелісі болған. Барған жерінің билігін алған, айтқан билігі һақ болған. Бәшекең… қалыпқа сыймайтын үлкен тұлға ...» […] – деп, бағаласа, Кәмел Жүністегі: «о заманда аузы түктіге, бұл заманда «қырағы» әпербақандарға жақпаған қазақтың көне жолын ұстаған билердің бірі – Бәйсейіт. Ел көзі тірісінде де, бүгінде де Бәжең атаған әруақты тұлға» […] — деп сипаттайды.
Бұл тұста соңғы автордың «бұ заманда «қырағы» әпербақандарға жақпаған» — дегенін оқырман қате түсініп: «Бәйсейіт большевик, «НКВД» заманына дейін өмір сүрген бе?» — деген ойға қалуы мүмкін. Себебі: «жақпаған» деп, адамның тірлігіндегі қылығына қатысты айтылады. Ал Бәйсейіт, қазан төңкерісінен едәуір бұрын, ең көп жасады дегенде, жоғарыда атап өткендей 90 жастан аса, яғни, XIX ғасырдың соңғы ширегінде дүниеден озған. Сөз қадірін білетін оқырманға әсіре қызыл тілділіктің қажеті жоқ. Әсірелеудің де шегі болу керек. Әйтпесе, мазаққа қаламыз.
Ал, 1842 жылдың қаңтар айының 2-сі күнгі бесатаның ел басқарып отырған, елге қадірлі тұлғаларының араб әріпімен қазақша жазылған хатының орысша аударылған мұрағаттық құжатында мүлде басқа сарындағы пікір қалыптастыратын оқиға баяндалады. […]. Іс «Дело по обвинению старшины Б.Кырбашева в разжигании розни между казахами Куянчи-тагаевской, Карсон-Кирнеевской и Альтеке-Сарымовской волостей» — деп аталады. Істің басталған және аяқталған уақыты: 02.01.1842 — 29.05.1852:
Его Высокоблагородию Господину Погарничному Начальнику Сибирских Киргизов
Старшин, биев и прочих киргиз волостей
Карсон-Кирнеевской, Куянчи-Тагайской и Альтеке-Сарымской
Прошение
Сего округа Карсон-Кирнеевской волости старшина Байсеит Кырбашев с давняго времяни обезпокаивает наших Пограничных киргиз, между прочим, производить большия безпорядки, как-то, он защищая воров, отводить их от платежа скота, определенного по суду биев, решение биев отменивает, а окончанныя между киргизами дела возобновляет. Что все это может подтвердить следующее дело: когда Баян-аульского округа Туртугульские киргизы приезжали с толмачем Пирожковым для получения уплаты за скота, угнатого от них ведения его киргизами, то он и тогда также первый отклонил удовлетворение, посеяв несогласие и раздор между своими киргизами, Туртугульцами и Толмачем Пирожковым. – Далее же еще он делает несправедливыя изветы на киргиз и без всякого разбирательства самопроизвольно взыскивает понескольку скота или вещей, равно как ныне осенью не имея никакой претензий, а только вынужденным средством взыскал с бия Альтеке-Сарымовской волости Чувашбая Атантаева 5 верблюдов, со старшины Мамыра Исень-Аманова 10 войлоков, три щелковых патшаиновых халата и одну лисью шубу, со старшины, отделения Карсоновскаго, Нурлубая Байбурина одного верблюда, с Кирнейскаго киргизца Аргунбая Кутаманова семь лисиц. – Таковыми же поступками привел народ в бедность.
О чем доводя до сведения Вашего покорнейше просим этого самого Байсеита как человека нарушающаго народнаго спокойствия и производящаго безпорядки, служащия поводом к умножению между киргизами воровства, – лишить старшинскаго звания и воспретить ему присудствовать при выборах султанов, старшин и входить в разбирательства – тогда то, Вы сами увидите, между народом водворится спокойствие и тишина. – На что имеем щастие ожидать милостиваго Вашего внимания и покровительства для народа и нас самих. — Приложили печати и тамги: Карсон-кирнейской волости Волостной Управитель: Исберген Садырбаев; Старшины: Кутчась Ильчибеков, Кабак Конурбаев, Нурлубай Байбурин; Бии: Джансеит Кинчагаров, Богонбай Урусов, Бегалы Жаутыков, Туман Уразбаев, Итжан Пичанов, Тубучак Урунбаев, Чамбул Куланов; Куянчи-тагаевской волости: Волостной управитель: Кадыр Айткелев; Бии: Курчубай Айткаров; Старшина: Качкунбай Хожабергенев; Альтеке-Сарымовской волости: Волостной Управитель: старшина Жангудты Бутантаев; Старшины: Мамыр Исень-Аманов, Дабыр Каланбаев; Бии: Джувашбай Атантаев, Чичан Карачев, Кулан Атамбеков, Чинбулат Чантуров и Кичанбай Атамбеков; Переводил Переводчик Курбанаков».
Бұл құжатта баяндалған Бәйсейіттің мына қылықтары көңіл аудартады: барымташыларды қорғауы; билер сотының билігін бұзуы; билікті өзінің шығаруы; Баянауыл округіндегі Төртуылдан алынған малды қайтармауы; чиновник Пирожковқа ерік бермеуі; ел билеген болысы, биі, старшындарына қарсы шығуы; ел билігіндегілердің өзіне салық салуы; ел билігіндегілердің қарсылығына тап болуы;
Аталған әрекеттерді жеке алып қарастырсақ – қым қиғаш оқиғалар әр тұлғаның «көрпені өзіне қарай тартқанынан» туындап жатқан шет-шегі жоқ пендешілік тірліктің тізбегі сияқты әсер қалдырады. Сондықтан да, салған бетте, осыған тап болған зерттеушілер: «мұндай ұсақтыққа бас қатырудың керегі не?, ол өмірде орын алса да, үлгі-өнеге болардай тарихқа пайдасы бола қоймас» — деген оймен мұрағат дерегіне немқұрайлы қарауы мүмкін. Ал, аңыз бен құжатты салыстыра отырып, оқиғаларды бірімен-бірін байланыстыра қарастырсақ — жіпке тізгендей ғып көтерілген мәселелер – Бәйсейіт пен ел билігіндегілердің арасындағы мәмлеге келе алмаған ең басты мәселе – ел тәуелсіздігі үшін басталған күрестің тағдырына байланысты болғанын аңғаруға болады.
Бұл келіспеушіліктің мәнін түсіну үшін Бәйсейіт тағдырының ерекшелігіне көңіл аудару керек. Ол – еркін тірліктің, тәуелсіз елдіктің жоғын жоқтаушы. «Желі қарсы соққан» қасаң замандағы жоқтаушы тағдырының тауқыметін түйсіну, – біздерге, – жоқтау сөздің зарын есітіп, көз жасының ащы кермек дәмін татқандай әсер қалдырса керек. Себебі, Бәйсейіт бидің тағдыры – көпшілік сияқты тірлікке ебін тауып бейімделуден гөрі, арпалысқа толы; бейтарап ойшылдың өмір мәні туралы пәлсапалық ой қозғағанынан гөрі, сол өмірдегі келеңсіздік пен келіспеушілікті ащы тілдің айырымен аямай шаншып, шындықты бүркемелеген бет-пердені сыпырып тастауға толы. Ой салып қана қоймай, соны сол сәтінде қарсылыққа қарамай іске асыруға бел шекен күреске толы болды. Сондықтан да, отаршыл мен оның елден шыққан ауызжалас, сыбайлас, бақталастары түгілі, кейде, өзім деп жүргендердің өзі оның бірбеткейлігін көтере алмай, пендешілікке салынып, түсініспей қарсы шықты. Мәтіндегі «жол арасында» айтылмай жасырын қалған ойды аршып оқыса, кез-келген оқырман мұрағат дерегінен де шындықтың талай қырын көріп, мәнін түсіне алады.
Жанқұттыға байланысты мақалада: «Кәрсөн-керней болыстарына болыс сайлағанда Бәйсейітті ұсынбайды» […] – деген пікірді келтіргем. Оқырманға түсінікті болу үшін мына мәліметті де еске сала кеткен жөн. Хандық жүйе жойылып, орнына Аға сұлтандық билік орнаған соң, 1824 жылдан бастап болыс басқарушылары негізінен сұлтандар болды. Бәйсейіт сияқты рубасылары – старшын лауазымына ие болды […]. Ал, Кенесары көтерілісінен кейін, әсіресе, оны 1841 жылы Ұлытауда хан көтергеннен секем алып, патша үкіметі жаппай болыс сұлтандарына шағымдар ұйымдастырып, орындарына рубасыларын тағайындауға көшті. Осылай, Қояншы-Тағай болысында Есімұлы Шаңқайдың орнына Айткелұлы Қадыр (15.02.1842), Кәрсөн-Керней болысында Ғазыұлы Құдаймендінің орнына Садырұлы Есберген (23.02.1842), Әлтеке-Сарым болысында Бөкейұлы Ғазының орнына Ботантайұлы Жанқұтты (16.12,1842) болыстыққа сайланды […].
Кенесарыны хан сайлап келгендеріне жарты жыл уақыт өтпей жатып, ел билеуші Бөкейдің ұрпақтарына ту сыртын беріп, кейбірінің үстіне шағым жазып, отарлық билікпен ымыраға келе қойғаны — Бәйсейіт сияқты еркін өмір салтына ұстанымы берік тұлғаның зығырданын қайнатса керек. Бәйсейіттің ел билігіндегілердің бәріне наразы болуының бір себебі осында жатуы әбден мүмкін.
Екінші жағынан, Абылай хан мен Барақ сұлтанның, олардың балалары — Уәли хан, Қасым төре мен Бөкей ханның, немерелері – Саржан, Кенесары мен Тұрсын, Ғазы, т.б. арасындағы, отарлаушы өкімет от салып, қоздырған, әулет аралық бақталастықта екі ұдай боп бөлінген елдің еркіндік жолын ұстанған рубасылары Абылай хан немерелерінің артынан еріп, патша үкіметінің уағызымен емес, Кенесарымен келіскеннен кейін, өз еріктерімен патшаға бағынған Бөкей немерелерінің қолынан елдегі болыс тізгінін де, өздеріне алуға көшсе — Бәйсейітке рубасылық орны тұрғысынан қалыптасқан бұл жағдай да тиімсіз болып, екінші бір әлекке салып қойған. Себебі: әрқайсысы өз тізгінін өз қолына алып жатқанда оның ел билігінен тыс қалдырылуы – ашу-ызасын тудыруы пендешілік тұрғыдан да түсінікті жағдай. Сондықтан ол өз руының – кернейдің тізгінін, кәрсөннен бөліп, өздерінің қолына алуды көздеді. Сол үшін, жасы келмей тұрса да, билікті жалғыз ұлы Нұрланға алып беруге тырысты.
Осыған Төрехан Майбастың ел ішіндегі: «Ояз бен Бәйсейіт» деген аңызы дәлел: «Қарқаралының оязы бір жазда Бәшекеңе қонақ болыпты. Кетерінде оязға болыс сайлауында менің Нұрланымды болыстыққа өткіз деп екі шымқай ақбоз сыйлапты. Атқа қызыққан ояз уәдесін беріп кетеді. Келесі жылы болыс сайлауында ояз Керней ата шонжарларының қысымына шыдай алмай Нұрланды болыстыққа өткізе алмай қалады. Сонда Бәшекең:
— Аттан аттың асқаны, Адымдай басқан ізі артық. Ерден ердің асқаны, Уәдеге тұрса сөзі артық. Уәдесіз болған еркектен, Борбайымдағы без артық,- депті.
Сөз төркінін түсінген ояз амалсыздан Бәшекеңнің екі ақбозын қайтарып беріпті» — дейді […].
Осы аңыздың желісі мұрағат құжатындағы бір оқиғамен байланысты сияқты. Жоғарыда келтірген Бәйсейіттердің Омбыға барған сапарындағы 1842 жылы 22 маусым күні берген түсініктемесінде Бәйсейіт: «В летнее время 1841 года, бывший заседатель Неговский приезжал к нам в упомянутую волость, с женою своею, старшиною Бедышпаем Байджавлявовым и прочими русскими, и когда выехал в Альтеке-Сарымовскую волость, наподалеку от нашей кочевавшую, то от толь приехал ко мне означенный Бердышпай, с 7 человеками киргизами Байбуринской волости: Тунгатом, Джаламаном и прочими, коих имян незнаю, объявил, что Г.Неговский просил курендык для молодой жены своей, т.е. подарок; но когда я ему не давал, то он с теми киргизами насильно из табуна моего близь аула бывшаго, при киргизах Карсон-Кирнеевской волости: Джамбуле, Копе, Джаркене, Бексеит, Даярбек, и Юсумбек, отогнал 12 кобыл с жеребятами и двух жеребцов, которых хотя я с поименованным киргизами при мне бывшими догонял, но догнать не мог и потому приехал к Г.Неговскому, в аул Старшины Чеченя бывшему, просил его, чрез Бердышпая, знающаго русский разговор, при сказанных киргизах 6 человек, чтобы приказал угнатых кобыл и жеребцов возвратил мне; но Г.Неговский ничего мне на то несказал, а Бердышпай возвратил мне только одного жербца; кобыл же и другого жеребца не возвратил и как я в последствии слыхал, не упомню от кого, что Бердышпай угнал их в свою Байбуринскую волость. После того чувствуя себя обиженным, вместе с прочими киргизами подали прошение Актаускому коменданту и ныне сотником Карбышевым производится о том следствие, по коему от меня и прочих отобраны показании; но о смещении бывшаго тогда волостным управителем Султана Х.Газина, я и прочия старшины Г.Неговскаго не просили и за то кобыл ему не дарили» — дейді […].
Аңыздағы «ояз» дегені уезд бастығының өзі емес, «ояздан келген» немесе «ояздан сәлем алып келген» заседатель Неговский болуы әбден мүмкін. Тергеудің алдында, әрине, мәселенің нақты қалай болғанын Бәйсейіт те, заседатель Неговский де бастары пәлеге қалмас үшін не деп келіскендерін тарқатып айтып жатпайтыны өзінен-өзі түсінікті.
Ал, келіскен екі аттың орнына он екі бие құлынымен және екі аттың («двух жеребцов») алынғаны наразылық тудырып, қалғанын қайтару жөніндегі талабын айтқанда Неговскийдің ештеңе деп жауап бермегеніне қарағанда, шынымен, бір шикіліктің болғаны анық сияқты. Алдында аттың біреуі ғана қайтарылса, бұл істің арты басқа былықтармен қосылып, іс қозғалғанда, аңызда айтылғандай, екіншісі де қайтарылуы мүмкін.
Деректегі Бәйсейіттің: «Неговскийге султан Құдайменді Ғазинді Кәрсөн-Керней болысының билігінен түсірсін деп ат сыйлаған жоқпыз» — деуі ойға қалдырады. Жоғарыда атап өтілгендей, патша өкіметі сұлтандардың орнына рубасыларды сайлауға кірісе бастаған соң, Бәйсейіт бұл тізгінді баласы Нұрлан арқылы өз қолына алуды көздеген. Бұл оқиғаның қалай өрбігені 1841 жылғы 20 тамызда жазылған Ақтау дуаны коменданты қызметін атқарушы капитан Томиловтың рапортына жауап берген Сібір қазақтарының шекаралық бастығының қызметін атқарушы полковник және кавалер Фалецкий мырзаның хатында: «уведомляю Вас, что на перечисление 240 юрт киргиз, Карсон-Кирнеевской волости рода Чан Балапанова, в Куянчи-Тагаевской волости, я никогда не изъявлял согласия; но так как они жаловались на притеснения султана Худайменды Газина и старшины Байсеита Курбасова, то я предложил Пограничному Управлению, объявить им, что народ может избрать другого управителя и тогда им не для чего переходить в Куянчи-тагаевскую волость» — деп баяндалады […].
Бұл деректен Құдайменді Ғазыұлы мен Бәйсейіттің ниеттері бір жерден шығып, бірге қимылдағандары байқалады. Бірақ, шенеуніктер екеуінің арасына от салу мақсатында осындай қауесет таратқан болу керек. Осы мәселені сотник Карбышевпен қатар тергеу жүргізген Батыс Сібір Бас Басқармасы жанындағы ерекше тапсырмаларды орындайтын чиновник Семеновтің Құдаймендіден тергеу кезінде алған түсінікмесінен аңғаруға болады. Онда: «…а султан Х.Газин показывает, что он видел, как сказанных 17 кобыл, Неговский передавал тому Бердышпаю для отвод в Байбуринскую волость и слыхал, не упомнить от кого, что их подарили Неговскому Старшины Карсон-Кирнеевской волости, за то, что бы уважил их просьбу, о смещении Худайменду с Волостных Управителей» — дейді […].
Бұл деректен мынадай қызық оқиғалардың желісі анықталатындай: тіс қаққан қу шенеунік кәрсен-керней билеушілерінің екі жікке бөлінген тобымен де жеке келіссөздер жүргізіп, біреулеріне: «ұнамайтын сұлтандарыңды орнынан алғызамыз» — деп, Бәйсейітке: «Нұрланыңды болыс қыламыз» — деп, екі жақтан да жылқымен, тағы басқа да құнды заттармен пара алып жөніне кеткен. Бәйсейіт қуып барғанда Нұрлан үшін келісіп берген екі аттың біреуін ғана алып қалған. Ал басқалардың не деп келіскенін, олардың Құдаймендіге байланысты келісімдеріне оның қатысы жоғын Неговский мен жылқыны айдап алған Бертісбайлар анықтап білмей, қолдарынан келетіні — өзі де түскелі тұрған Құдаймендіні болыстықтан алу үшін деп алғандарын (құлынымен 12 биені) қайтармай, жас болған соң болыстыққа өтер-өтпесі неғайбыл екенін ескеріп, «Нұрланға» — деп алғандарының біреуін қалдырып кеткенге ұқсайды. Бұны артынан сезген Бәйсейіттер іс қозғаған. Істің арты үлкен тергеуге ұласқан.
Осыдан келіп, бір жағынан, Есберген Садырұлы бастаған кәрсөн мен Бәйсейіт бастаған кернейлердің арасы, екінші жағынан, керней ішінде Қара би бастаған 240 шаңырақ Шаң, Балапан мен Бәйсейіт бастаған Дау аталары арасында үлкен дау басталып кетеді. Кернейдің 1841 жылы кәрсөннен бөлінеміз — деп, кейін өз-ара келіспей, екі ұдай болып, бір бөлігі Қояншы-тағай болысына қосыламыз – деп, Бәйсейіт бастаған тобы өз алдымызға жеке болыс боламыз – деп, ел іші бүлініп, екі айырылған жағдай қалыптасты.
Бәйсейіттің көздегені кернейдің бәрін патша билігінен бөліп алып, оған қарсы шыққан Құдайменділермен бірге қимылдау болды.
Оған қарсы отарлаушы өкімет те өз дегенін іске асыруға асықты. Полковник Вишневский 1841 жылғы 9 желтоқсанда жазған өкімінде: «Строго предписываю Каркаралинскому Приказу немедленно распорядится исполнением указа Пограничного Управления и предписания моего от 22 октября за №3163 относительно выбора в Байбуринскую волость волостного управителя, вместо признанного по старости лет, неспособности к этой должности, Агадая Маманова, так же поставляю в обязанность Приказа наблюсти за скорейшим выбором волостного управителя в Карсон-Кирнеевскую волость, вместо бежавшего Худайменды Газина» — деп ел ішіндегі толқуды тізгіндеуге тырысты […]
Шындығында, Құдайменді Ғазыұлы 1841 жылы елден біржолата кетіп, Кенесары қолына қызмет етіп, ол көтеріліс жеңілгеннен кейін де, өмірінің соңына шейін патша үкіметіне бағынбай кетті. Елден жырақ жүріп, тәуелсіздік үшін күрескен Құдаймендіні Бәйсейіттің өзі де, баласы Нұрлан да, кәрсөн Есеттің Көпбайы да, Әлтеке-Сарымның болысы Күшікбайдың Дәулеті де соңына шейін қолдап, оны кейде ел ішінде жасырын келіп, қонақтап жатуына жағдай жасап жүрді. Осы үшін Есеттің Көпбайын, Бәйсейіттің Нұрланын, Күшікбайдың Дәулетін 1855 жылдары сотқа тартып, Көпбайды заседательдіктен, Нұрлан мен Дәулетті болыстықтан түсірді […]. Құдаймендінің тағдыры әлі күнге тылсым дүние. Оны елеп, ой қозғайтындай не ауызша, не тарихи дерекпен талданып жазылған зерттеу жоқ. Ал мұрағатта оған арналған істер бірнеше том, мыңдаған беттерде сақталған. Бәрінде ол тек қылмыскер, қарақшы ретінде әшкереленеді. Ал ол – тәуелсіздік үшін соңына шейін табандылықпен күресіп, мойынына бодандықтың қарғы бауын салдырмай кеткен тұлға.
Ал, Бәйсейіт оған қол ұшын беріп отыруға мүмкіндігі болу үшін Қарқаралы округінің ықпалынан, Ақтау дуанындағы қарулы отрядтардың маңынан кернейдің аулақта болуын қалады. Жоғарыда аталған Фалецкий мырзаға Ақтау коменданты капитан Томиловтың берген рапортында: «Кирнеевской волости киргизец Кирейбай Кутеманов со старшиною Байарыстаном Абеневым и прочими бывшими в Омске, сего числа явясь ко мне обявили, что буд-то бы первый из них просил Ваше Высокоблагородие о перечислении 240 юрт Кирнеевской волости в таковую же Куянчи-Тагаевскую, имея на то важныя причины, и что на эту просьбу их изъявлено согласия Вашим Высокоблагородием. – В противность же этого, старшина Кирнеевской волости Байсеит, непринимая никаких от них убеждений, принудил … 240 юрт кочевать непременно с ним обратив оных с половины пути следования на дозволенные места близ Актау, которыя и находятся теперь от родов: Куянчи-Тагаевского, Альтеке-Сарымовского и Карсен-Кирнеевского, самопроизвольно от Приказа отделенными им старшиною Байсеитом, на расстоянии ста верст.
Принимая во уважение это объявление старшин и руководствуясь данными им от Вашего Высокоблагородия в 29-е июля за №2137 охранным листом я командировал с ними к помянутому старшине Байсеиту двух казаков с приказанием чтобы он впредь до имеющей последовать резолюции Вашего Высокоблагородия на просьбу киргизца Кутеманова, отнюдь не принуждал означенныя 240 юрт Кирнеевской волости, кочевать по угнетению против воли их к Каркаралам, а дозволил бы им соединится с этими тремя родами» – деп, Бәйсейітке тосқауыл қояды. […]
Қаратау, Алатаудан бар малдарынан айрылып, арып-ашып келіп, енді есін жия бастаған елдің жасырын күресті жалғастыру ниетін қабылдамай, өз руластары еркіне көнбей, және, оларды қолдаған көпшіліктің басылып қалғанына әбден көңілі қалған Бәйсейіт, қасақана, мұрағат құжатында баяндалғандай: «1841 жылы кәрсөн-керней, әлтеке-сарымдардың Баянауылдың төртауыл руының биі Кенже Байбуриннен барымталап алған 300 жылқыны» […] отарлаушы биліктің ыңғайымен, дау-шусыз қайтара қояйық – деп, көне салған болыс билеушілері мен басқа да рубасыларына қарсы шығып, олардың билік үкімін бұзып, келісіп тұрған малын бергізбей, осы мәселені шеш деп жіберген тілмаш Пирожковқа ерік бермеген. Бәйсейіт мұны жеке басының қыңырлық мінезіне салып істеген жоқ. Мұндағы гәп – ол малдың не себепті барымталанғанында. Оның қарамағындағы елі барымтаға қарны ашқандықтан, күнкөрістің қамымен барған жоқ. Және де Бәйсейіт ұры-қарыны қолдаған жоқ. Кенесарының: қай ел оның қолына қосылмаса немесе талап еткенде, әскеріне қол ұшын бермесе, сол елдің малын барымталап, елін шауып, жазасын беретінін ескерткен. Осы ойын Кенесары билерге айтқан бір сөзінде: «Егер бұрынғы істеріңізден тәубе қылып қайтсаңыз жақсыларыңыз бізнің алдымызға келіңіз. Бізнің мейірбанлығымыз сізләрге көп дұр. Егер келмесеңіз біз отыз жасқа келіппіз; сізні кұдайдан тілеп енді отыз жыл жаулармын; еншалла хақ! Сізләрге Бәубек құлымызны жібердік, әрбір ауыз тіліне бауыр қылың» — деп жеткізіп, ол хатқа мөрін басқан […].
Мәшһүр Жүсіп: «… Сонда сол замандағы жақсылар Қытай елшісіне де сөйлесіпті. Кенесарының сөзіне де ұйымады. Иван Семеновишке де сөйлесіпті: «Жерімізге тимесең, баламыздан солдат алмасаң, саған қараймыз. Осыған уәде берсең, біреуіміз хабарласайық. Хабар өзімізден болсын», — деп қайтарады. Кенесарыға: «Өздеріміз бас қосып, кешікпей бір жауабын береміз», — деп, оған қорыққанынан осылай жауап қайтарады.
Кенесары бұлардың арам ойларын біліп, еліне бара сала әскер аттандырып: «Менің айтқаныма жүрмеді», — деп, елді шауып, шаншып, талай бастады.» — дейді […]. Аңыздың келесі бір тұсында: «Кенесары: Қуандық, Сүйіндік, Қаракесек – бес Мейрамды өзіме қаратып, соңымнан ертіп алып, Шу, Қаратауға аударамын! – деп» рубасыларын соңынан ерткенде «… орысқа қарап бағынып қойған Азнабай балалары: Тайжан қажы, Сейтен болыс еді. Болыстық, қажылықты керек қылған жоқ: Кенесарыға еріп ауды. Алтай: Алдажұман байлары түйе жүк артқан жамбыларын көлге, суға төгіп кеткен. Қаржас та ауды, Орманшы да ауды. Баянаулада Боштай аға сұлтан – дуанбасы күні солдат алдырып, казак-орыс алдырып, Айдабол, Күлікті қойдай қамап, иіріп, аудырмай алып қалды» — дейді […].
Міне, осы, Баянауладағы төртуылдың малын көрші қаракесек елінен карсөн-керней мен сарымдардың барымталауына Кенесарының тапсырмасы себеп болуы әбден мүмкін. Оған дәлел болатын дерек: Кенесары алғаш ұран тастағанда Шет өңіріндегі бесатаны бастап бірінші Бәйсейіттің барғаны жөнінде: «Биш-ата-Каракисетская, Кернеевская с старшиной Байсеитом — Близ Актау на юг при горах Актасе и Джалтасе. Карсоновская — При горах Таяткан Чунаке, от Актау на юг же за первыми. Куянчи — Тагаевская и род Сарымовский — Смежно с первыми от Актау на юг же» — деп мәлімдейді олардың соңынан жіберілген шекарадан тыс әскери отрядтың бастығы әскери старшын Карбышев […].
Ал, Бәйсейіттің Кенесарымен бірге қимылдағаны жөнінде, 1847 жылы 3 қазанда Қарқаралы округтік приказының сот бөлімінде тыңдалған рапортында: «Баян-аульский Приказ и до сего времени недоставил сведение которое при решении поступков Кырбашева необходимо нужно по самому заключению Пограничнаго Управления подписанному 15 декабря 1843 года о учавствовании с прочими киргизами и Кырбашева в шайке Кенесары при нападении на Актаузское укрепление в 1838 году. Угон же Туртугульских киргиз 300 или 242 лошадей киргизами по коему и Кырбашев заключается, как видно из окончательнаго о поступках Кырбашева производства, произведен был барантою с убийством, каковыя поступки Кырбашева по упомянутому приговору сего Управления велено разсмотреть вместе с другими об нем делами» — деген дерек келтіріледі […].
Бәйсейіттің төртуылдың малын даулап келгендерге жасаған қылығын ресми, саяси тұрғыдан қарастырсақ, оның: «ол малды еркіндігіміз үшін күреске алдық; өздерің бұл ұлы іске ат салыспай, бұғып қалдың; малымыз соның өтеуіне құрбандық болсын» — деудің орнына, енді келіп, сол малды даулауға қай беттеріңмен келіп тұрсыңдар» — демегеніне кім кепіл бола алады?! Дәл осылай айтылмаса да, Бәйсейіт осы түсінікпен кесімді билігін өзі шығарды. Әрине, Бәйсейіттің нақты ойын қандай өткір тілмен қалай саптап бергенін естіген қазір ешкім жоқ. Бірақ, оқиға мен ондағы басты кейіпкерлердің басынан өткен шытырман сан түрлі осы мәселеге тікелей қатысты мәліметтер мұрағаттың шаң басқан сан мыңдаған істері мен беттерінде жоғарыдағы бір ғана хатта көрсетілгендей, тәптіштеп баяндалған. Бұл зерттеуде біз тек теңіздің тамшыcындай бөлігінен ғана сусындап отырмыз.
Осы оқиғалардың өзін саралап келгенде, Бәйсейіттің бәр іс-қимылының, қылығының негізінде басқалардың ашық мойындамаса да іштей келісетін қисыны болғаны байқалады. Ол – еркін өмір үшін күрес. Сондықтан оның қолын ашықтан-ашық ешкім қаға алмады. Тек, өздеріне ашық қарсы шыққан соң, амалсыздан бағыныштылық саясатты қолдап отырған ел билігіндегілер оның үстінен шағым жазуға ғана қауқарлары жетті. Бірақ осы шағыммен басталып кеткен іс, 1852 жылға дейін созылып, ақыры аяқсыз қалды. Бұл істі Бәйсейіт пара беріп тоқтатты ма, әлде, ұлы Нұрлан болыс болған соң оған нүкте қойды ма – ол екінші кезектегі мәселе. Ал бастысы – ол істі артынан қуып, ізденуші болмаған соң бықсып-бықсып барып сөнген қоламта сияқты – Бәйсейіттің еліне адалдығына көзі жеткен ел — сол істің аяқсыз қалуын өзі де қалаған сияқты. Оны қоздатып отыруға мүдделі болған тек оның Құнанбай сияқты ашық бақталастары болды. Ол биліктен тайған соң – қоламта да өзінен-өзі сөнді.
Бәйсейіттің саяси көзқарасы мен жеке басы мінез-құлқының тағы бір қыры Құнанбаймен арадағы дүрдараздықтан көрінеді. Ол туралы мәлімет ауызша аңызда кеңінен баяндалады […]. Бәйсейіт аға сұлтандыққа Көпбайды ұсынып Құнанбайға қарсы шыққанда: «Төбеде отырған жақалтайды жарда отырған жапалақ қалай басқарады?… қабырғалы Қаракесектің билігін Маябоздың тобығына берді деген не сұмдық?!» – деп шарт сынады […]. Бәйсейіт Құнанбайға тек «у ішсең руыңмен» деген қағидамен емес, оның Кенесары көтерілісі кезінде, патша әскері мен әкімшілігіне қызмет етіп, шен алып, иығына шекпен жауып, енді, солардың қолдауымен қаракесек елінің билігіне қол созғаны намысын қоздырып, ол қаншалықты өзін елге мойындатар ерен тұлға болса да, айтатын ойын мәймөңкелемей, бетіне айтып салып, қарап отырған.
Құнанбайдың Ресей үкіметіне адалдығы жөніндегі деректі 1840 жылы 20 ақпанда Тобықты болысының сұлтандары, билері және старшындары Қарқаралы сыртқы округтік приказға жазған өтінішінен көруге болады. Онда: «окружному Приказу известно, что … когда в 1836 году при происшедшем от мятежного султана Кенесары Касымова расстройстве почти всех округов Киргизский народ, следуя его возмущению, нарушил данную присягу, вместе с ним состовлял скопище и бродяжество, делая многим людям неистовство, тогда мы, во-первых, с верою на Бога, а во-вторых, оставаясь верными к Российскому Престолу, не нарушили присяги и находясь по сие время здесь, избавились и остались благополучными от беспорядков так же по наставлению и внушению их Ускенбаева и Иралина, которые будучи с начала верны, не просили положенной пятилетней льготы от платежа ясака, присоветовали платить оные, хотя бы нам были и трудно и полезными советами избавили нас от бед, случившихся Киргизскому народу Средней орды при Кенесары.
Дабы таковые заслуги не оставались без ведома высшему начальству, мы с общаго согласия написав это прошение, покорнейше просим Окружной Приказ об означенных Кунанбае Ускенбаеве и Божей Иралине не оставить довести по принадлежности до сведения начальства для исходатайствования им офицерского чина, присовокупляя к тому и со стороны своей хорошую рекомендацию, для поощрения их на дальнейшую полезную службу» — деп жазған […].
Бәйсейіт пен Құнанбайдың ұстасуы жеке бастарының пендешіліктерінен емес, ел тағдыры қыл үстінде тұрғанда, жауапкершілікті мойындарына алып, өздері таңдаған жолға берік сенімді болды. Сондықтан да аңызда айтылғандай екеуінің арасы қайта-қайта ушығып отырды. Бұл қарсыластық саяси көзқарастың ымырасыздығынан туындады.
Ал жеке алсақ, Құнанбайдың бір басының қадірі жалғыз тобықты емес, бүкіл қазаққа мақтан тұтарлық тұлға екеніне, әрине, ешкімнің күмәні жоқ. Адольф Янушкеевич жазғандай: «… Табиғат оған кесек ақыл, ғажайып ес және жүйрік тіл берген. Іскер, өз аталастарының игілігі туралы қам жейді. Дала заңдары мен Құран-қағидалардының баянды білгірі, қазақтарға қатысты Ресей заңдарын жатқа біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. Қарапайым Құнанбай әулиенің даңқына бөленген. Одан ақыл сұрауға жас та, кәрі де, кедей де, бай да әр қиырдағы ауылдардан келіп жатады.
Тобықты руының сеніміне ие болып, ол болыстық қызметке сайланған. Ол өз қызметін бақайшағына дейін біліп, оны бар қайрат-жігерін сарқа төгіп атқарады, иегін көтерсе болды, әр бұйрығы, әр сөзі орындалады» […].
Әрине, біз қолымызға түскен шектеулі жазба дерек пен талай өзгеріске түскен аңыздарға сүйеніп тұлғалардың мінез-құлқы мен нақты іс-әрекетінің астарын толық аштық деп ойлаудан аулақпыз. Барлық жағдайда Құнанбайдың тек патшаның мүддесіне, Бәйсейіттің тек хан-сұлтандар мүддесіне, Жанқұттының екі жақтан да түңіліп, тек ар тазалығының мүддесіне ғана қызмет етпегені өз алдына түсінікті жағдай. Саяси тұрғыдан таңдалған жолдарды олар өз-ара келісіп алды ма, әлде, өмір ағымы өз заңдылығымен осыған алып келді ме, қалай болса да — бар пендеге тән мінез-құлық бұл тұлғаларға да тән. Мұрағаттық құжатта немесе осы оқиғалардың ортасында жүргендерден қалған естеліктерде осындай пендешілік мінез-құлықтар жөніндегі деректер де орын алған.
Мысалы, жоғарыдағы Бәйсейіт қылықтарының ашып көрсеткен саяси астарынан бөлек, пендешіліктің де іздері байқалатыны сөзсіз. Сол сияқты, Құнанбайдың да пендешілігі жөнінде сол іс-сапарда бірге болған Адольф Янушкевич: «Құнанбай бір әредікте екі жүзділік көрсетіп қалды. Өздерінің жылқылары мен қойларын жасырған дәулетті жерлестерін бізге сол көрсетті. Шындықтын бетін ашуымызға, дәлірек айтқанда, бізге көмектескен адамды білген болса, онда олар Құнанбайдың шыбын жанын көзіне көрсеткен болар еді» — дейді […]. Жанқұттының да белсенді тірліктен бас тартуын жан тыныштығын ойлаған пендешіліктен деп түсінуге болады.
Бірақ, мұндай түсінік — еш міндет пен жауапкершілікті мойнына алмай, бәрін тар түсінік аясында ғана қабылдайтын пендешіліктің пайымынан туындайды.
Ендігі тарихи зерттеудің мақсаты – пендешілікті дәріптеу емес, керісінше, оны тарихи тұлғалардың бойынан тауып жатса — оған жаңалық ретінде қарап, тұлға туралы түсінігін бәріне жаралғаннан тән пендешілік өлшемімен өлшеп, нарқын түсірудің — қоғам дамуына қалай кері әсер ететінін түйсіну. Кейінгі кезде жарияланып жатқан отарлаушы үкіметтің іс-қағаздарындағы деректі өз мақсат-мүддесін көздеп жазған отарлаушының берген қалпында қабылдап, одан тек түңілу — кең жайылып келе жатқан құбылыс. Бізге түңілу емес, түсіну және одан қорытынды шығару керек. Өмір заңдылығы бойынша қоғамдағы мәселе тек қиялдың қарама-қайшылықсыз әлеміне еліктеу арқылы ғана шешілмейді. Өткендегі жақсылықтан үлгі ғана емес, істегі сәтсіздік пен бойдағы кемшіліктен сын арқылы сабақ алып, одан арылу керек. Жоғарыда аталған тұлғалардың қатардағы пенделерден ерекшелігі сол – олар бағдарсыз қалған өз уақытында жаңа құндылықтарды өз іс-әрекеттерінің үлгісімен жасап шығып, ол көпшіліктің тығырықтан амалдап шығуына мүмкіндік берді. Ел – ұрпағын да, елдік қасиетін де сақтап қалды. Бұл, Құнанбай, Жанқұтты, Бәйсейіт сияқты тұлғалардың сын сағатта бойларындағы пендешілікке тізгін салып, ел алдындағы азаматтық борыштарын адал перзенті ретінде атқарғандықтың жемісі. Тұлғалар — сын сағаттағы ел бағына сай жаралатын құбылыс. Келер ұрпақ олардың өмір жолдарының бәр бұралаң, қалтарысына шейін біліп, үлгі-өнегесіне еліктеп, сәтсіздігі мен кемшілігінен сабақ алып өсуі керек.
Бәйсейіт бидің өмірін аңыз бен деректі салыстыра талдағандағы мақсатымыз — осы мұратқа жету.
***
Сөз соңында, Бәйсейіт бидің мұрасын сақтап, ұрпаққа лайықты деңгейде ақпарат беріп отыру шараларына да көңіл аударғанды жөн көрдім.
Бәйсейіт би — Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақшатау кентінен 12 шм солтүстіктегі Жарылғап батыр ауылдық аумағына қарасты жерде жерленген.
Тұлғаға қатысты материалдық мұра – Бәйсейіт бидің бейітін және оның өмір тарихын зерттеу 2004 жылы маусым айында Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультеті, археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының «тарих» мамандығы бойынша студенттерге арнайы оқу-тәжірибелік бағдарлама аясында ұйымдастырылған далалық этнографиялық экспедиция барысында басталған еді.
![]() |
![]() |
|
«Шет-2004» атты Далалық этнографиялық экспедиция материалдары. Бәйсейіт бидің бейіті. 2004 жыл, маусым айы. |
|
Оның нәтижесі 2009 жылы мақала түрінде «Қазақстан архивтері» журналының №4 санында 56-68 беттерінде және сол жылы «Орталық Қазақстан» газетіне басылып шықты.
2021 жылы Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Қарағанды облысының тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы бастамасымен бюджеттен бөлінген қаражатқа материалдық ескерткішке реставрация және абаттандыру жұмыстары жасалды.
Төмендегі фото-сурет материалдары осы атқарылған игілікті жұмыстың ғылыми есебінен алынды.
|
|
| 2017, 2020 ж. түсірілген фото-суреті | 2021 ж. реставрациядан кейінгі фото-суреті |
Өткен, 2025 жылы Керней бабаға арналған ас берілді. Ат шаптырылып, бәйге тігіліп, балуан күрестіріп, ойын-сауық өткізіліп, келген қонақтарға киіз үй тігіп, ас беріп, дұға-тілек бағышталып жатты. Бірақ…
Осы, Бәйсейіт бидің өмірбаяндық шежіресі жазылғанына 17 жыл өтсе де, сол зерттеуде оның туған жылы 1786 жыл екендігі тайға таңба басқандай қылып, дәлелденіп, анықталған болса да, қазіргі сол Бәйсейіт би бейіті басындағы «мемлекеттік қорғауға» алынған тарихи-мәдени мұраға жататын ескерткіш деген тақтайшада оның өмір сүрген жылдары туралы ақпарат жазылмаған. Жазылған мәтінде бұл ескерткіштің тарихи-мәдени мәнін айшықтайтын ақпарат жоқ!, «жәй ғана біреудің бейіті екен» — деген түсінік қалыптастырып тұрғандай…
Биыл, Бәйсейіт бидің дүниеге келгеніне 240 жыл толуына байланысты мерейтой өткізер алдында қолға алатын ең басты шара туралы ұсынысым:
«Бәйсейіт би. Туған жылы 1786 жыл – өмірден озған жылы, шамамен, 1876 жыл» — деген жазу жазылған тақтайшаны бейіт басына орнату керек.
Материалдық ескерткіштің тарихи-мәдени маңызын айшықтауға қатысты:
«Бәйсейіт би – хандық дәуірдің соңында дүниеге келген, қамал алар қырыққа таяғанда егемендігінен айырылған, отарлауға тап болған замандағы ұлт-азаттық қозғалысқа атсалысқан, зар-заманда бағдарсыз қалған елге ақылшы, кеңесші, қорған болған тарихи тұлға» — деген сарында мәтін жазылып, бейіті басына орнатылса осы уақытқа дейін қаншама жандардың тұлғаның мұрасын ұрпаққа жеткізу мақсатында қолға алған игілікті, ізгілікті шараларының лайықты қорытындысы болар еді. Әруақ алдындағы да, ұрпақ алдындағы да міндетімізді, осылай, абыроймен атқара беруге жазсын! Ел аман, жұрт тыныш болып, әр игілікті ісімізді әруақтар қолдап, Тәңір жарылқасын!






