«Тарих – біздің іс-әрекеттеріміздің қазына қамбасы, өткеніміздің куәгері, қазіргі сәтке үлгі мен сабақ, болашаққа ескерту» деген сөзді Мигель де Сервантес есімді ғұлама шегелеп тұрып айтқан екен. Ендеше, қиялының қанаты шексіздікке шарықтап, тұлпарының тұяғы сайын даланы шарлап, қазақ хандығын қалыптастыруға ғұмырларын сарп еткен бабалар жайында ой қозғау мағыналы істің бірі һәм бірегейі.
Қанмен де, антпен де біріккен рулардың басында билер мен батырлар тұрды. Солардың сеніміне сүйенген хандар мен сұлтандар ғана сұңғыла саясат жүргізе алғандығын өткен дәуірлердің жылнамасы растайды. Кейінгі кезде қазақты құраған әр атаның баласы бабасына ас беріп, арғы-бергі тарихты қозғап түбін іздеген жұрттың қарасы көбейді. Бұл іс бөліну емес бірлік пен тұтастықтың бастамасы екендігіне көңіл сенеді. Себебі, өткенсіз болашақ жоқ.
Таяуда Балқантау өңірінде Наманай батырға арнап ас беріліп, баһадүрдің ұрпақтары бірқатар игілікті іс атқарыпты. Ал енді осы Наманай батыр кім болған, қай заманда ғұмыр кешкен? Сұрақ – көп, жауап – аз. Өткеннен бізге жеткен деректердің тым аздығынан тарихты толық таратып бермесек те, біраз ой топшылауға болады.
Қазақтың шежіресінде Наманай руының есімі айқын жазылған. Арғын елінің Мейрамсопы атасынан Қаракесек–Ақша–Бошан–Таз–Наманай мен Бұлбұл болып жалғасқан әулеттің тұтас қазақ халқының қоғамдық саяси өмірінде ықпалы орасан зор болды. Осы орайда, «Жеті Жарғы» заңдар жинағын жүйелеуге атсалысып, қазақ хандарының оң жағынан орын алып, қажет болса тезінің тегеурініне салған қаздауысты Қазыбек бидің есімін атасақ та жеткілікті.
Таздан тараған Наманай мен Бұлбұл жайында тарихи деректер тым аз. Бізге жеткен аңыздар әкеден балаға жеткен ауызекі тілдегі аталы сөздердің жұрнағы. Десек те, өткенге көз жүгіртіп, ілкімді ойларды іріктей көп дүниені топшылауға болады. Наманай батыр қабырғалы қалың қазақтың мемлекеттік мәртебесін нығайтқан Хақназар хан дәуірінің соңында дүние келді деп ойлауға негіз бар. Себебі, Қазыбек би 1667 жылы дүниеге келсе, Қазыбек–Келдібек–Шаншар–Бұлбұл деп әр атаға 30 жас қоса жоғары өрлейтін болсақ, Бұлбұл жобасы 1577 жылы дүниеге келген болуы мүмкін. Ал оның іні болғанын ескерсек, Наманай 1572 жылдары өмірге келген деп топшылауға болады.
Тарих ғылымдарының кандидаты Рамазан Сағымбекұлы «Кім еді Қаз дауысты Қазыбек би» зерттеу мақаласында Қазыбек бидің 1660 жылы туғандығын қосымша деректермен дәлелдеп өткен екен. Енді бұған сүйенсек, Наманай батыр 1567 жылы өмірге келді деп болжауға болады. Осы мәліметті ескерер болсақ, Наманай – Есім ханмен қатар өскен тұлға. Қазақтың оныншы ханы Тәуекел 1582-1598 жылдары билік құрған. Ол – Есім ханның туған ағасы. Демек Наманай батыр орда бұзар шағында сол Тәуекел ханның тұсында топқа түскен деуге болады. Аңыздардан жеткен естеліктерге қарағанда оның хан қолбасшыларының бірі болғандығын көреміз. Сондықтан біз Наманай батыр туралы деректер іздегенде оны Есім хан заманы емес, Тәуекел хан билік құрған тұстан бағдарлағанымыз жөн болады.
Нақты тарихи деректерге сүйенсек 1598 жылы Тәуекел хан Шайбани ұрпақтарының мемлекетіне шапқыншылық жасайды. Шайбани мемлекетінің тізгінін ұстаған Абдалла хан Тәуекелді өзіне лайықты қарсылас санамай, оған қарсы өзіне бағынышты сұлтандар мен әмірлер басқарған әскерді аттандырған. Ташкент пен Самарқан арасындағы ауыр шайқаста Абдалланың әскері жеңіліске ұшырайды. Абдалла өлгеннен кейін оның хандығы саяси дағдарысқа ұшырап, Тәуекел хан аз уақыт ішінде Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы басып алады. Одан төмен ойысқан қазақ ханы 20 мыңдай әскермен інісі Есім сұлтанды Самарқанда қалдырып, Мәуреннаһрға ішкерілей еніп, Бұхараны 20 күндей қоршауға алады. Қала бекінісі түбіндегі бір шайқаста Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза табады. Осы жорықта Наманай батырдың да қаза болуы әбден мүмкін. Олай ой қорытуымыздың себебі, атақты Хиуа ханы, көрнекті тарихшы және шежіреші Әбілғазы Баһадүр хан өз еліндегі ішкі тақ таласы мен бүліктен қашып, 1625 жылы Есім ханға келіп паналаған екен. Бұл жағдай оның «Түрік шежіресі» атты еңбегінде жан-жақты баяндалған. Мұнда Наманайдың есімі жоқ. Соған қарағанда Наманай батырдың өмірі Тәуекел ханның соңғы жорығында қиылған деп топшылауға болады. Өйткені, жылнамашы әрі тарихшы Хафиза Таныштың «Шараф-наме-йи-шахи» еңбегіндегі мына жолдар көп дүниенің бетін ашатындай:
«После смерти Шигай-хана в 1582 году ханом стал Тауекель (1582-1598 гг.). Его имя в переводе с арабского означает «упование, чаяние, надежда». Оно как бы выражало желание подвластных ему казахов вновь обрести независимость, возлагая на своего хана миссию возрождения былой силы Казахского ханства. Пользуясь молодостью Тауекеля, бухарский хан Абдаллах держал его в зависимости от себя. После того, как Абдаллах избавился от своего главного врага Баба-султана, он стал преследовать казахских султанов, прежде поддерживавших того. Такие действия хана Абдаллаха вызвали сопротивление султанов. И в начале 1583 года «во время возвращения из похода на Андижан и Фергану, Таукель заподозрив хана в недоброжелательстве, покинул его и удалился к себе в Дешт-и Кыпчак». Таукель начинает борьбу за присырдарьинские города. В 1586 году он предпринимает попытку овладеть Ташкентом. Он разгромил ополчение Ташкента, но когда против него выступил из Самарканда брат Абдаллаха Убайдаллах, Таукель не принял сражение и поспешно отступил.
К числу важных событий истории казахского народа этого периода относится восстание 1588 года, которое произошло в Ташкентской области. Согласно Хафизу Танышу, это восстание было поднято против Абдаллах-хана и его двоюродного брата Узбек-султана, правителя этой области. «Группа богатых и почитаемых людей Ташкентской области и окрестностей Шахрухии и Ходжента вместе с отрядом неблагородной черни, питая несбыточные надежды и неосуществимые желания, устроила великое сборище в Пскенте и, заключив между собой договор и скрепив его верой, начала совещаться». Таким образом, мятеж подняла влиятельная часть шайбанидской знати, оказавшаяся в оппозиции. Мятежники провозгласили ханом казахского султана Джан-Али. Кочевые племена и войска целыми отрядами стали переходить в лагерь мятежников. Вскоре их число увеличилось до 30 тысяч человек. Мятежники направились в Ташкент, где в то время правил брат Абдаллах-хана Узбек-султан, и окружили город. Осада Ташкента продолжалась почти месяц. С помощью войск направленных Абдаллах-ханом, Узбек-султану удалось отразить первый натиск своих противников. Спустя некоторое время к мятежникам присоединились казахские султаны Мунгатай-султан и Дин-Мухаммад-султан, сыновья Хакназар-хана. Мятежники изъявили им свою покорность, и вместе с ними направились в Йассы и затем в Сабран. Для султанов, не согласных с правлением Абдаллаха, настал удобный для выступления час. Но еще до начала сражения расстроился союз мятежных султанов. Казахские султаны выступили навстречу узбекскому войску. Однако в этой борьбе, казахские султаны и мятежные эмиры понесли поражение. Так закончилось восстание, длившееся около трех месяцев, носившее характер военной смуты…
…В 1598 году Тауекель предпринимает новый набег на государство Шайбанидов. Поводом к выступлению Тауекеля послужила ссора Абдаллаха с его сыном Абд аль-Мумином. В местности, расположенной между Ташкентом и Самаркандом, произошло сражение. Войску Абдаллаха было нанесено жестокое поражение. Это заставило его быстро мобилизовать новое войско и самому встать во главе. «Однако, здоровье его, вследствие неприятностей, причиненных ему враждой и неповиновением сына, а также дерзости казахов, ухудшилось и вскоре он умер». После смерти Абдаллаха ханство вступило в полосу политического кризиса. Власть перешла к его сыну Абд аль-Мумину. Положение нового хана оказалось весьма неустойчивым, и вскоре он был убит мятежными эмирами. С гибелью Абд аль-Мумина прекратилась династия Шайбанидов. Узнав о гибели Абд аль-Мумина-хана, Тауекель развернул активные действия. По Искандару Мунши, численность войска обоих братьев, Тауекеля и Ишим-султана, составляла около ста тысяч человек. Ход событий описывается Искандаром Мунши следующим образом: «Тауекель-хан, овладев вилайетами Туркестана и Мавераннахра, прежде всего Ахси, Андижаном, Ташкентом и Самаркандом вплоть до Мийанкала, оставил своего брата Ишим-султана с двадцатью тысячами человек в Самарканде, а сам с семьюдесятью-восемьюдесятью тысячами человек направился дальше с целью покорения Бухары. Тауекель-хан осадил огромный город. На двенадцатый день бухарцы склонили победу на свою сторону, а поражение стало уделом казахского войска…» В одном из последующих сражении Тауекель был ранен и отступил в Ташкент. «Там недуг сломил его организм, и он ушел в мир вечности».
Қазақтың ханы Тәуекелдің қалай өлгені расталса да, қай аймаққа жерленгені туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, Түркістанның ХVІ-XVII ғасырларда қазақ хандығының рухани және саяси астанасы болғандықтан, Тәуекел ханның Түркістан пантеонында ағасы Ондан сұлтанның жанында жерленді деген болжам көңілге қонымды. Ал бұл қорымда қазақ хандарымен бірге оның қолбасшылары мен билері қатар жатқандығын тарихтың өзі айтып отыр. Дәлел ретінде Абылай хан, Қазыбек би, Бөгенбай батырлардың Яссауи кесенесіне қойылғанын айтсақ та жеткілікті. Сондықтан, Наманай батырдың Тәуекел ханмен иық тірестіре мәңгілікке сапарлағанын болжамдауға болады.
Наманай батырдың соңында Майлышы, Құлғара, Кәдірғұл, Олжағұл есімді 4 ұл қалған. Оның інісі Бұлбұлдан 10 ұл тарап, олардың әр қайсы өз алдына іргелі руларға айналған. Ал Наманай руы қалың Қаракесектің ішіндегі аса өсіп-өнбеген ата саналады. Оны білмекке Тәуекел хан заманына қайта оралайық. Біздің заманымызға жеткен шежіре деректер бойынша Наманайдың әкесі Таздың Сұлубиек атты жесірін туған інісі Байбөрі әмеңгерлікпен алып, одан Көшім атасы тарайды. Жалпы, Наманай жайындағы біраз аңыз әңгімені осы атадан тараған, бір кездері Қарқаралы ауданын басқарған Мұрат Нұрақышев ағамыз айтты.
«Наманай батыр туралы мұрағаттық қағаз бен жарытымды дерек өте аз. Кейіннен бұрынғыға бойлап, бабамызды еске алып, таяуда үлкен ас бердік. Дегенмен, бұрынғылардан мынадай сөз қалыпты: Бұлбұл баба Бошанның жығасы екен, Наманай бұл атаның ағасы екен. Аға деген «Бес бошанның үлкені дегенді білдірсе, «Жыға» құстың қауырсынын таққан биліктің бір атрибуты болған баскиім екен» – деп бастады әңгімесін Мұрат Шәуенұлы.
«Аға» ұғымын Наманайдың қолбасшы болғандығы деп қабылдауға болады. Өйткені, «Аға» сөзі біздің елде бұл күні туысты үлкендікті білдірсе, бір кездері қосын басқарған баһадүрге тән дүние еді. Осы ұғым Осман империясында «Yeniçeri ağası, bölük ağası» күйінде янычарлар, түмен басы деген қолбасшылыққа тән сипатта болғандығын тарихтан жақсы білеміз. Жалпы қазақ жерін арғы ата қонысы санайтын Түрік мемлекеті билігінің күшіне қарай лауазымдарды аға → бей → паша → уәзір деп бекіткен. Демек, біздің осылай топшылауымыз орынды болмақ.
«Таздың баласы Наманайдың бір ұрпағы Мендеке батыр болса, інісі Байбөріден Олжашы батырдың дүниеге келгенін ескерсек, бұл әулеттен қол бастаған мықты баһадүрлер шыққанын көреміз. Наманайды бір білместер 1910 жылы туғызыпты. Қаракесек деген іргелі руға бас болған Болатқожаның өзі 1509 жылы дүниеге келгенін ескерсек, мұндай болжамның жаңсақ екендігін байқаймыз. Таз бабамыз қайтыс болғанда, Наманай 11 жаста, Бұлбұл 9 жаста болған екен дген деректі бұрынғылар айтқанын естіген едім. Наманайдың кейінгі ұрпақтары Қу өңіріндегі Айыртастан Наманай шілігі, Қояндыдан Қарасор көліне дейін қоныс алған екен. Бұл қазақтың Сарыарқаға қайта оралған тұсы» – деп бір түйді Мұрат ағамыз.
Наманай жаугершілік заманда әкесі Таз қаза тапқанда інісі Бұлбұл екеуі кәмелетке толмай жетім қалса да, жоғары биліктің жанында қалды. Демек, олардың өз заманындағы ақсүйек тұқымы болғандығын көрсетіп тұр. Наманайдың өзі де Қазақ хандығының шекарасын кеңейткен Тәуекел ханмен үзеңгілес болғанын ескерсек, оның сол жолда құрбан болып, аты арғы тарихтың астарында қалып қойғандығы сондықтан-ау деген қорытындыға келеміз. Оның да жесірі жерде қалмаған шығар, сірә.
Шығай ханнан бұрын билік құрған Хақназар ханның соңғы әйелі, тарихта өзінің хас сұлулығы мен ақылдылығымен қалған ноғайдың шонжарының қызы Ақторғын ханым қазақтың ең ықпалды ханы қайтыс болған соң, Тәуекел сұлтанға күйеуге шықты емес пе! Демек, ол заманда хан болсын қара болсын әмеңгерлік жолын өте қатаң ұстанды деген сөз.
Наманайдың жалғыз інісі Бұлбұл туралы да біздің заманымызға жеткен жарытымды дерек жоқ. Біздің шежіре деректерден оның он ұлы болғандығын білеміз. Соның бірі – атақты Шаншар абыз. Бес бошанға емес күллі қазаққа билік айтқан билер мен небір мықты саңлақтар осы тұқымнан. Соған қарағанда, Шаншар абыз ғана емес, оның әкесі Бұлбұл да Есім ханның тұсында ауызы дуалы адамдардың бірі болғандығы даусыз. Өткеннен бізге жеткен Қаз дауысты Қазыбек бабамыздың:
«Наманай – Бұлбұл атым бар,
Бір жапырақ етім бар
Көк орай шалғын жерім бар
Өріс толы малым бар» деген сөздері біздерге өткен дәуірден жеткенін білеміз. Осы шумақтарда Наманай мен Бұлбұлдың қосарлана айтылуы көп жағдайдың бетін ашып тұр. Бұлбұлдың балалары қазақ хандарының кеңесінде топ алдында толғағанын тарихи деректер айғақтайды. Қазақтың алты ханының ажарын көрген атақты Қазыбек би, «Қарқаралы хан Бертіс» атанған Бердібек би сынды тұлғалар осыған айқын дәлел бола алады. Азуын айға білеген Қазыбек би Наманай мен Бұлбұл атын қатар атауы осы екі батыр мен бидің қазақ хандығы тұсындағы үлкен беделін көрсетпей ме?! Наманай туралы бірер ауыз сөзді осы рудан шыққан медицина ғылымдарының докторы, академик Серік Қарабалин айтты. Ол кісі оны атасы Сыздықтың аузынан жазып алған екен. Ал ол кісі өз кезегінде оны әкесі Байғозы Сатанұлынан естіген.
«Наманай өз заманында абыз әрі ру басшысы болған екен. Бошан балалары өліп қала берген соң, тұрақтаған тұңғышының есімін Таз деп қойған екен. Наманайдың төрт ұлы – Олжағұл, Кәдірқұл, Құлғара, Майлышы. Кәдірқұлдан біз тараймыз. Ал қарашаңырақты Майлышы ұстап қалған. Бабаларымыз Сыр мен Тәшкенді жайлап, Қаратау мен Балқаш бойын қоныстап, Қарқаралы, Балқантау өңіріне жеткен екен. Мұны бізге жеткізген Байғозы атамыз шамамен 1830 жылы дүниеге келген» – деді Серік Қарабалаұлы.
Тарих диірменінің тасы жылнамалар мен деректер қағазға түсіп қатталмаса, тұлғалар мен тарихи оқиғаларды тас талқан қылып үгітіп жібереді. Біз өткен оқиғалар тізбегіне үңілгенде аңыз әңгімелереге иек артып, қытай, парсы, түркі, орыс тілдеріндегі еңбектерге сүйенеміз. Алайда қазақтың басы азат болағанда қағаз бен қара сияның қадірін түсінбегендігі көп дүниені бұлыңғыр пердемен бүркеп қойғандай. Десек те, Наманай батырдың Түркістандағы пантеонға жерленуі көңілге қонымды. Өйткені, Наманай – Тәуекел ханның баһадүрі. Ал қиянкескі ұрыста ауыр жараланған Тәуекел хан қоластындағыларға өзін Түркістанға жеткізуін аманаттауы бек мүмкін. Өйткені, оның үлкен ағасы 30 жасында қалмақтармен болған ұрыста шейіт болып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленген алғашқы қазақ сұлтандарының бірі – Ондан. «Ұзын оқ» атанған Ондан сұлтан өз ерлігімен осы дәстүрді қалыптастырып кеткен секілді. Оны ХVI-XVII ғасырларда өмір сүрген Қадырғали Жалайыр сынды ғұлама «Жами-ат-тауарих» атты ғылыми еңбегінде: «…Ондан-султан… умер в 30-летнем возрасте. Его гробница находится под сенью (покровом) Ходжи Ахмеда Ясави…» деп анық жазып кеткен.
Сонау ХVI ғасырдан бері қазақ мемлекетінің басынан талай дәурен көшті. Қазақ хандығының сайын даласы жоңғардың иелігінде, орыстың бодандығында болды. 1723 жылы басталған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» зобалаңынан алаш жұрты ойраттардың жойқын екпінінен Арқа, Ертіс, Жетісу жерінен ығысып, Сырдария, Сарысу, Жайық өзендерінің бойына қашты. Жүз мың жауынгерінен айырылған қазақтар тек 1727 жылы Ұлытау маңындағы Бұланты өзенінің бойында жоңғарларға ойсырата соққы берді. Содан кейін 1728 жылы Сыр бойындағы қалың Қаракесектің рулары Қаз дауысты Қазыбек бидің бастауымен Қарқаралы өңіріне оралады. Наманай руының аталары да осы кезде Қу өңіріндегі Қоянды, Арқалық жерінен қоныс алған екен. Осы кездердегі оқиғалар Әлихан Бөкейхановтың шығармалар жинағының IV томында былай баяндалады: «Гр.193-196,) 170 леть тому назадъ, т. е. Въ 1728 г. роды Алтай и Каракесек пришли изъТуркестана въ Каркаралалинскій уъездь. Пишельцы здъсь застали народы Калмакъ и Туркпен, которые, послъ многократныхъ столкновеній съ киргизами, оставивъ свои земли, отступили на югъ».
Бұл күндері Түркістандағы Қожа Ахмед Яссауи кесенесі маңындағы қорымдарда кім жатқаны дәл басып айту қиынға соғуда. Өйткені, 1864 жылы Ресей империясының генералы Черняев Түркістанды басып алғанда хандар мен билер жатқан пантеонды зеңбірекпен атқылаған. Соның кесірінен белгілі тұлғалардың құлпытастары қирап, қай бейіттің кімге тиесілі екендігі белгісіз болып қалды. Осыны көрген Ш.Уәлиханов генерал Черняевтан түңіліп, Алтын Емелді жайлаған Тезек төренің қолына барып, келесі жылы қайтыс болғандығын да білеміз. Деректер осылай дейді. Наманай есімі Ұлы хандардың етегін басып отыра, ақиқатты опыра айтқан Қаз дауысты Қазыбектің айтқанымен бізге жетті. Ал Наманай ұрпақтарының Бұлбұл бұтағынан кем тарағандығы Есім хан тұсында төбе би болған Шаншар абыздың өз ұрпақтарына кеңірек жол ашуы себеп болуы да мүмкін ғой. Бірақ, бұл ойдың болжам ғана екендігін ескерген жөн.
Қорыта айтқанда, Наманайдың белгілі тұлға болғаны – ақиқат. Оның жаны Тәуекел ханмен бірге Түркістанда тыныш тапқаны да көңілге қонымды. Біздің тарихты саралағанымыз осылай болды. Қазір ғылым қарыштап дамыған заман. Ендеше, қалғанын кейінгі замандарда жасалатын генетикалық зерттеулер айқындап беретініне сенім мол. Десек те, баһадүр бабалардың есімі Түркістан қорымындаға тақтатасқа жазылса, өлгеніміз тірілмесе де, өшкеніміз жанар еді.
