КҮЛКІ ҚАҚПАЙ

КЕЗЕКТІ ШЫРҒАЛАҢ

Баға өсіп кетті,

Үкімет бөсіп кетті.

Қиналған халық болса,

Бұл не сұмдық десіп кетті.

 

ДАРАҚЫ

Жоқ болса да бастығын жарылқайды,

Жағыну үшін ештеңеден «тарылмайды».

Бар екен деп айтсыншы деп,

Артын ойламай құрдан-құр дарылдайды.

 

БИЛІКШІЛ

«Билік, билік, билік», дейді,

Ештеңеге илікпейді.

Дүние-байлықты

Сол үшін жидық дейді

 

УӘДЕШІЛ БАСШЫ

Жаңадан келгенде,

Уәдені үйіп төгеді.

Түк атқармай, жеме-жемге келгенде,

Өз сөзіне өзі күйіп кетеді.

 

БӘТУАСЫЗ

Бірде «қойып» жүреді,

Бірде «тойып» жүреді.

 

ЖЫЛПОС

«Ақшаның күші-ай» деп бөседі,

Пара берген сайын жаңа орынға өседі

Пара алып «өскен» батырың,

Билікке жетіп ақырын.

Жемқорлықпен күресейік деп,

Сайрап тұр, айтып «ақылын».

 

Бекәділ СЕМҚҰЛ

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *