Заманауи білім беру мен цифрлық технологиялар заманында озық үлгі көрсетіп, мектептеріміздің абыройын асқақтатып жүрген ұстаздарымыздың жетістігі – баршамызға ортақ қуаныш.
Жақында физика, математика, информатика және жасанды интеллект пәндері мұғалімдеріне арналған ашық республикалық шығармашылық байқаудың (IMPACT Olympiad) облыстық кезеңі қорытындыланды. Осы беделді бәсеkеде Ақадыр кентінің Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Тлеукан Аяжан Маратқызы жоғары кәсіби шеберлік танытып, жүлделі III-орынға ие болды және байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.
Бұл жарқын жетістік – ұстаздың кәсіби біліктілігінің, ізденісі мен шығармашылық әлеуетінің, сондай-ақ өз ісіне деген үлкен жауапкершілігінің нақты нәтижесі. Заманауи білім беру мен цифрлық технологиялар саласындағы жаңашылдықты оқу үрдісімен ұштастыра білген Аяжан Маратқызының аталған табысы – әріптестері мен шәкірттері үшін үлкен үлгі.
Әрбір жетістік – жаңа белестерге бастар қадам. Алдағы уақытта да биік мақсаттарға қол жеткізіп, республикалық кезеңде ауданымыздың атынан топ жарып, үлкен абыройға жете беруіне шын жүректен тілектеспіз!
Аяжан Маратқызына республикалық кезеңде сәттілік пен толағай табыстар тілейміз!
Қалижан БЕКҚОЖА,
Ақадыр кенті
