Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы: «Есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын», – деп атап өтті.
Біз – жастар бұл ұсынысты толықтай қолдаймыз, кеселдің алдын алу үшін заңды күшейту маңызды болып келеді. Себебі, нашақорлық – ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін ауыр дерт.
Бүгінде дүниежүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолын іздестіруде. Осы бағытта салауатты өмір салты дағдысы қалыптасқан, рухы биік, жан дүниесі таза, адамгершілігі мол, білімді азамат тәрбиелеуде. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде кешенді түрде жұмыс жүргізілуде.
Атап айтқанда, студент жастардың арасында нашақорлықтың алдын алудың Жол картасы бекітіліп, ол бойынша дәрістер, семинарлар, флеш-моб, кездесулер, есірткінің жарнамасын жою бойынша акциялар сияқты шаралар өткізілді.
Адам өмірін жалмап, тағдырын тас-талқан ететін бұл індетке біз бүкіл қоғам болып табанды түрде күресуге тиіспіз.
Марья ХАСЕНОВА,
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің
жастар бастамалары орталығының директоры