Dybys_Symphony шырқайды!

Dybys_Symphony музыкалық жобасы Minimal Sound: Ludovico Einaudi etc концертін дайындады. Музыкалық кеш 21 қыркүйекте сағат 18:00-де «Шалқыма» концерт залында өтеді.
Көрнекті итальяндық композитор Людовико Эйнаудидің танымал шығармалары, оның «1+1» фильміндегі саундтректері, сондай-ақ Ханс Циммер, Ян Тирсен, Джо Хисаиши, Макс Рихтер және Филип Гласс сияқты минималистік композиторлардың шығармалары шырқалады.
Dybys Symphony – оркестрлік музыка концерттерін ұйымдастыру бойынша Қарағандыдан шыққан жоба. Өнер жанкүйерлеріне аспаптардың синтезі естілетін музыкалық кештер ұсынылады.
Жетекшісі – Әбілқайыр Сағымбаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *