Ағымдағы жылдың 6 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Теміртау қаласында орналасқан 5516 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері қоғамдық-тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қала көшелеріне шыққан болатын.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген ұландықтардың негізгі мақсаты, қала көшелеріндегі бұзақылық жағдайларының болмауын қадағалау болатын. 6 қыркейек күні полиция қызметкерлері мен бірге қызмет атқарып жүрген ұландықтарға, шамамен сағат 18:50 кезінде белгілісіз бір ер азамат күдік туғызады. Дәл сол сәтте кинология қызметінің аға маманы Ярулин Ерасыл Тайла есімді қызметтік итті қолданып, күдіктінің келісімімен сыртқы тінту жұмыстарын жүргізеді.
Тінту жұмыстары барысында күдікті ер азаматтың қалтасынан өткір иісті жасыл түсті зат табылған болатын. Аталмыш, зат табылған соң, ұландықтар күдіктіні тұтқындап Теміртау қаласының полиция бөліміне апарып табыстады.
ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі