Соңғы мәліметтер бойынша, Қарағанды облысында 161835 адамда, медициналық ұйымдарға тіркелген жалпы санының 17,3%-да медициналық сақтандыру жоқ. Олардың бір бөлігін МӘМС жүйесіне қосуға болады. Мемлекет төлейтін жеңілдік санаттар бар.
Қазір МӘМС жүйесіне дағдарыс және шұғыл деңгейлерге жатқызылатын (D және E санаттары) азаматтарды қосу үшін қарқынды жұмыс жанданды. Бұл қиын өмірлік жағдайға тап болған, табысы төмен адамдар. Олар мемлекеттің көмегіне мұқтаж.
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте бұл бкғытта қандай жұмыс жүргізіліп жатқаны және тағы не істеу керектігі талқыланды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова осы күнге дейін аулаларды аралау жүргізіліп, оның нәтижелері туралы хабарлады. Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, сақтандырылмаған адамдардың әлеуметтік портреттері құрастырылған.
Мысалы, облыс бойынша D санатына 120 250 адам кіреді, олардың 35 726-сы сақтандырылмаған. Сақтандырылмаған адамдардың көпшілігі жұмыс істемейтін немесе бейресми жұмысшылар. Тоғыз пайызы үй шаруасындағы әйелдер. Сонымен қатар, үйлерді аралау кезінде кейбіреулер басқа аймақтарға немесе шетелге кеткені анықталды.
Табылмағандарды іздеу үшін бұл жұмысқа полиция қызметкерлері қосылуы керек. Кездесуде өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тізімдерді өзектендіруді аяқтау туралы тапсырма берді.