«Байтақ елім – Қазақстан»

Қазақстан Республикасы күні ұлттық мерекесіне орай «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университет» КЕАҚ Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі м.а., ф.ғ.к., доцент Қарлығаш  Хамзина және кафедра ұжымының ұйымдастыруымен «Байтақ елім – Қазақстан» атты студенттер арасында аймақтық шығармашылық байқауы өтті.

Шараның мақсаты – Республика күнінің басты құндылығын дәріптеу, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әдеби және көркем талғамға тәрбиелеу, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жандандыру және де студенттердің қоғамдық және рухани-мәдени құндылықтарын дамыту.

Қазылар алқасының мүшелері: п.ғ.м., аға оқытушы М. Оспанғалиева, п.ғ.м., аға оқытушы Қ.Нұржанова, п.ғ.м., аға оқытушы Л.Күлейменова байқауға қатысушылардың өнерін бағалауды келесі талаптарға сәйкес жүргізді:

Сөйлеудің техникасы мен экспрессивтілігі.

Мәтінді білу және түсіну.

Сөйлеу сауаттылығы.

Орындаушылық дағдылар.

Мақсаттылығын қарау, сөйлеу және пластика.

Аймақтық шығармашылық байқауға қатысқан өнерлі студенттерге жүлделі орын  мен  диплом  табысталды.

І дәрежелі диплом – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің филология факультетінің 2 курс студенті Құрбантаева Камала (жетекшісі – Ж.З. Кадина.);

ІІ дәрежелі диплом – Қарағанды медицина университетінің студенті Рахимбаева Наргиза(жетекшісі – А.Б. Аширбекова); Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің СИБ-23-4 тобының студенті Ерболқызы Жұлдыз (жетекшісі – Г.С.Байпелова); Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің  НД-24-2 тобының студенті Сайлау Мұса (Ұлттық тәрбие тағылымы үйірмесінің мүшесі) (жетекшісі – М.Ә. Хасен) иесі атанды.

ІІІ дәрежелі диплом – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің  ІТМ-24-2 тобының студенті Махмуд Әлішер (жетекшісі – Н.Т.Нығметова); Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің  Цаф-24-3 тобының студенті Амангелді Жанель (Ұлттық тәрбие тағылымы үйірмесінің мүшесі) (жетекшісі – Ғ.М. Әбілқасов); Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің  ГД-24-3 тобының студенті Амреева Айғаным (жетекшісі – Н.А. Конурова) бұйырды.

Қарлығаш НҰРЖАНОВА,

Гүлмира САҒАТОВА,

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушылары

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *