Елімізде 12 табиғи өрт пен жану сөндіріліп жатыр

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында, Қарағанды, Абай және Жетісу облыстарында 12 табиғи өрт пен жануды сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Шығыстағы жағдай шиеленісе түсуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО ТЖД Дағдарыс жағдайындағы басқарма бастығы Дмитрий Агиенко хабарлады.


Бүгінгі күні облыс аумағындағы өрт қауіптілігі жоғары. ШҚО ТЖД күштері мен құралдары күшейтілген режимде қызмет етуге ауыстырылды. Өрттер, жанулар туралы хабарламалар келіп түскен кезде оларды жою жөнінде жедел шаралар қабылданады. Төтенше жағдай туындаған кезде ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылықтарының, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің күштері мен құралдары жедел шығады», — деді спикер.

Алматылық өрт сөндірушілер мен полицейлерге демалыс күндері де таулы-орманды жерлерді патрульдеуге тура келеді. 190-нан астам рейд жүргізілді. Белгіленбеген орындарда 120-ға жуық от жағудың жолы кесіліп, 117 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Өрт қауіптілігі «төтенше» деп танылды. Кеше тау бөктерінде екі ірі өрт болды. Кеңсай шағын ауданында 2 гектардан астам құрғақ шөп жанған. Өртті сөндіруге желдің екпіні және ой-шұңқырлы таулы жер кедергі келтірді. Кенсай зиратында 60 қорымға зақым келген. Бір мезгілде Көктөбе ауданында тау баурайы өртенді. Бұлөрт те жоғары санатқа жатқызылып, күштер тартылды. Баурайдағы өрт бір сағаттың ішінде сөндірілді, өрт мұнара мен саябаққа қауіп төндірді. 3 мың га жердегі тілсіз жау сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — деді Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Самат Асаинов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *