Қарағанды Жастар ресурстық орталығы жастар ұйымдарының, жоғары оқу орындары мен колледждердің еріктілері үшін «ЭкоЖастар: Болашақ біздің қолымызда» семинар-тренингін ұйымдастырды. Ол «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтті.
Экологиялық іс-шараны басынан аяғына дейін қалай ұйымдастыруға болатыны жайлы қарағандылық экотренер, саяхатшы және салауатты және экологиялық өмір салты бойынша жаттықтырушы Дамир Кәрімов айтып берді.
Ол негіздерден бастады. Экотренер түрлі ұйымдармен – БАҚ, әкімдік, экологиялық ҮЕҰ және т.б. өзара іс-қимыл туралы егжей-тегжейлі айтып берді. әртүрлі іс-шараларды: акцияларды, әлеуметтік конкурстарды, марафондарды, шеберлік сабақтарын, дәрістерді және т. б. экологиялық шараларды өткізу тәсілдері қарастырылды.
– Жеке тәжірибеме сүйене отырып, мен бір маңызды мәселені көтердім – экологиялық іс-шаралардың экологиялық еме болуы. Оны бір рет қолданылатын ыдыс-аяқ, шарлар, баннерлер қолданылған кезде байқауға болады. Бұл іс-шараның зияны пайдасынан гөрі көбірек. Сонымен қатар тек ерекшеліктермен ғана емес, қателіктермен де бөлістім. Болашақта экологиялық іс-шараларды ұйымдастырушылар жағымсыз сәттерден аулақ болу үшін, – дейді Дамир Кәрімов.
Сондай-ақ, семинарға қатысушылар жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға көмектесетін өзекті мәселелерді талқылады.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы басталғаннан бері Қарағанды Жастар ресурстық орталығы 100-ден астам экологиялық іс-шара ұйымдастырды. 2024 жылдың маусым айынан бастап өңірде алты ауқымды акция, тренинг және т. б. өткізілді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/894963?lang=kk