Өңіраралық интеграция

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдерімен бірге Сұрхандария облысына жұмыс сапарымен барды. Қазақстандық делегация облыс әкімі Ұлықбек Қасымовпен кездесті. Қос тарап екі аймақтың инвестициялық және өнеркәсіптік әлеуетін таныстырды.

Кездесу нәтижесінде Қарағанды мен Сұрхандария облыстары арасындағы ынтымақтастық бойынша Жол картасына қол қою, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және өзара сапарларды ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Сұрхандария облысының басшысы ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіптік тауарларды өзара жеткізуді жолға қоюдың әлеуеті зор екенін атап өтті.

Делегация құрамында Қарағанды облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Дастан Құдабаев, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әнаур Түлүбеков, сондай-ақ «Сарыарқа» ӘКК және бизнес өкілдері болды.

Айта кетейік, 2024 жылғы 21-22 қазанда Самарқанд қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстанның IV өңіраралық форумы аясында Қарағанды облысының әкімдігі мен Сурхандария облысының әкімдігі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық салаларда ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын.

Сондай-ақ, Бейбіт Атамқұлов Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдерімен бірге Сұрхандария облыстағы негізгі нысандарды, оның ішінде Airitom еркін экономикалық аймағын, халықаралық көп функционалды көлік-логистикалық хаб TERMEZ CARGO CENTER, «LETO» ЖШС және «Gold Agro Fresh» ЖШС жылыжай шаруашылықтары, «AfrosiyobParranda» ЖШС құрама жем өндіру кәсіпорны, «АслДон 2024» ООО ұн комбинаты және Термез өнеркәсіптік аймақтары болды.

«Airitom» АЭА сапары барысында «QazTrade» АҚ мен аталған аймақ дирекциясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, оның аясында жақын арада қазақстандық сауда павильоны ашылады. Бұл қадам Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының Өзбекстан мен Ауғанстан нарығына шығуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *