Жылыту маусымы барысы

Шахтинск ЖЭО 60 жылдығын атап өтуге дайындалуда. Биыл энергия көзін жылыту маусымына дайындау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Негізгі және қосалқы жабдықтар күрделі жөндеуден өтті. Қалаға берілетін жылу сапасына жауап беретін қазандық қондырғыларына көп көңіл бөлінді.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск ЖЭО-да болып қайтты. Өңір басшысына жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатқаны баяндалды. Сондай-ақ, болашаққа арналған жұмыс жоспары талқыланды.

– Бүгінгі таңда екі қазандық пен екі турбина, төрт негізгі қазандық жұмыс істеп тұр. Барлық жабдықтар штаттық режимде. Температура режимі сақталған. Ешқандай проблема жоқ, – деді «Шахтинстеплоэнерго» ЖШС техникалық директоры Абылай Сейдуәлі.

Станцияда отынның нормативтік қоры жеткілікті. Осы маусымда жеткізуші компания ауысты: көмір «Молодежный» разрезінен жеткізіледі.

Станцияның қажеттіліктері үшін жаңа техника сатып алынды: бульдозер, шағын тиегіштер, жылу желісіне шығуға арналған машина және т. б.

Жылумен жабдықтау құбырлары да қысқа дайындалды. Осы жазда Шахтинск қаласында 4 шақырымнан астам желі ауыстырылды. Жылу оқшаулағыштар қалпына келтірілді. Қала әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жыл соңына дейін 4 шақырымға жуық құбыр оқшауланғанын айтты. Келесі жылы жылу оқшаулау жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда.

Ермағанбет Бөлекпаев дайындық жұмыстары өз нәтижелерін көрсетіп отырғанын атап өтті. Ол келесі жылы тұрғындарды тұрақты сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін қарқынын төмендетпеуді тапсырды. Келесі жөндеу науқанына дайындықты уақытылы бастау керек, деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ, өңір басшысына Шахан кентінде жылу беру маусымының өткендігі туралы баяндалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *