Қарағанды коммуналдық қызметтері тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, соңғы тәулікте қала аумағынан коммуналдық қызметтер 13,5 мың текше метр қар шығарды.
Бүгінгі таңда қар үйінділерін тазалауға 180 бірлік арнайы техника мен 192 адам жұмылдырылған. Жұмыс екі ауысымда жүреді.
Негізгі магистральдарды тазартудан басқа, аялдама павильондары, тротуарлар және кіреберістер қар мен мұздан тазартылды.
Облыс бойынша аулаішілік аумақтар мен жеке сектор көшелерін тазартуға еріктілер белсенді қатысуда. Бастамаға мемлекеттік қызметшілер, 5516 әскери бөлімінің, ПИК, ІІМ Академиясының қызметшілері және белсенді жастар қосылды.