6505 әскери бөлімінде 2004 жылы Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздарға ашық есік күні өтті

Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінде ашық есік күні өтікізілді.Бұл іс-шараның басты ерекшелігі 2004 жылы өзінің Отан алдындағы борышын өтеген жас сарбаздарға арналған болатын. Аталмыш іс-шара аясында, әскери бөлім бойынша экскурсия өткізіліп, қару-жарақ, техникалар көрсетілді.
— Біз үшін бұл іс-шара ерекше болды. Себебі өзім осыдан 20 жыл бұрын Отан алдындағы борышымды осы әскери бөлімде өтедім. Бүгін 20 жылдық өзгерісті өз көзіммен бірге қызмет атқарған қарулас достарымды көріп, көңілім бір көтерілді- деп атап өтті Қанат Сайлауұлы
Сондай-ақ аталмыш іс-шара аясында мерекелік концерт ұйымдастырылып, арнайы қойылымдар көрсетілді. Іс-шара соныңда 20 жыл бұрын Отан алдындағы борышын өтеген қарулас достар фотосуретке түсті.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *