Азық-түлік қауіпсіздігі талқыланды

Қарағандыда ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова болып қайтты. Облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Асановпен және өңір кәсіпкерлерімен азық-түліктің қолжетімділігі, отандық өндірушілерді қолдау және сауданы реттеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, вице-министр жұмыс сапары барысында әлеуметтік бағамен әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатылатын көкөніс қоймаларының қорларын қарап шықты.

Айжан Бижанова азық-түліктің экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету және дүкендердегі қазақстандық өнімдер ассортиментін ұлғайту бойынша министрлік қандай жұмыс жүргізіп жатқанын айтып берді. Ол үшін сауданың заманауи форматтарын кеңейту, сандық құралдарды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, жәрмеңкелер мен стационарлық емес сауданы өткізу тәртібі регламенттелген. Кеңесте ұлттық стандарттарды сақтау және қазақстандық өнімді сатып алушы үшін көзбен шолу және физикалық қолжетімділікке орналастыру, «Қазақстанда жасалған» деген міндетті маңдайшаның болуы және т.б. бойынша сауда нысандарына қойылатын талаптар талқыланды. Вице-министр атап өткендей, тауарлық көршілестік қағидаты да қарастырылған, бұл тұтынушылық алдау мүмкіндігін жоққа шығарады – мысалы, сүт сүт сусынымен, ал май өсімдік спредтерімен араласпауы тиіс.

Бұдан басқа, Айжан Бижанова кәсіпкерлерге нарықтарды жаңғыртуды осы жылдың соңына дейін аяқтау қажеттілігі және ішкі сауда субъектілеріне мемлекеттік қолдау болатыны туралы баяндады.

Сонымен қатар, Айжан Бижанова атап өткендей, сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен қамту неғұрлым көп болса, отандық өнімдерді сөрелерде соғұрлым көбірек көреміз, себебі қолдау алушыларға сауда сөрелерін жергілікті мазмұндағы өнімдермен толтыру бойынша қарсы міндеттемелер қойылады.

Сондай-ақ үй жанындағы дүкендерді кооперациялау, сауда үстемесін арттырғаны үшін жауапкершілікті қатайту, өнімсіз делдалдарды сатып алуға қатысуға тыйым салу және Тауарлардың ұлттық каталогы арқылы сауданың ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.

Бұл шаралардың барлығы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, отандық өндірушілерді қолдауға және қазақстандықтар үшін азық-түліктің экономикалық қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.

Вице-министрдің сөзінен кейін Қарағанды өңірінің кәсіпкерлері тікелей сұрақтар қойып, жауаптар алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *