Жылу қашан өшіріледі?

Облыстық энергетика және ТКШ басқармасы жылыту маусымының аяқталу кестесі туралы хабарлады. Бірінші болып Балқашта жылуды өшірді. Қалған қалалар мен аудандарда тұрақты жылы ауарайы орнауына қарай сәуір айының соңына дейін сөндіру жоспарланған.

Қарағандыда, ауа-райы нашарламаса, жылу 25 сәуірде сөндіріледі деп жоспарланып отыр. Приозерск – 14 сәуірде, Ақтоғай, Нұра аудандарында – 15 сәуірде, Осакаров ауданында – 21 сәуір, Теміртау, Шахтинск, Бұқар жырау ауданында – 25 сәуірде, Абай, Шет аудандарында, Саран – 30 сәуірде, Қарқаралы ауданында 1 мамырда жылу ажыратылмақ.

Естеріңізге сала кетейік, жылумен жабдықтауды тоқтату туралы алқалық шешімді әкімдіктер қабылдайды. Ол үшін сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +10 және одан жоғары болуы тиіс.

Жылуды ертерек ажырату процедурасы бар. Көпқабатты үйлердің тұрғындары көршілерінің қолын жинап, басқарушы компанияның төрағасына өтінім берулері қажет. Содан кейін ол көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады.

Үйде ортақ есептеу құралы болған жағдайда жылу беруді өз бетінше тоқтатуға болады.

Ерік РЫМҒАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *