Абайға тағзым

2025 жылдың 5 тамызында Қарағанды қаласының Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абайға тағзым» атты фестиваль өтті. Шара Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөліміне қарасты «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өтті. Мақсаты – Абайдың мол мұрасын дәріптеу және талантты жастарды ынталандыру.

Фестивальде әртүрлі ұлт өкілі Абайдың әндері мен өлеңдерін қазақ және басқа да тілдерде орындады. Сондай-ақ, күй шеберлері де сахнаға шығып, қазақ рухын көтеретін туындыларымен көрерменге рухани әсер сыйлайды. Бұл – Абай шығармаларының адамзаттық құндылық екенін дәлелдейтін тағылымды көрініс.

– Бұл фестиваль – жарыс емес, Абайға деген ерекше құрмет. Әсіресе, түрлі этнос өкілдерінің қатысуы – Абай мұрасының жалпыұлттық рухани құндылыққа айналғанының дәлелі. Оның ой-толғамдары мен поэзиясы бүгінде барша қазақстандықтардың жүрегіне жол тапты, – деді «Шырақ» орталығының директоры Әсия Смықова.

Шара соңында барлық қатысушыға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. «Абайға тағзым» фестивалі – көпұлтты бірліктің, мәдени үндестіктің және ұлы мұраға деген ортақ құрметтің жарқын үлгісі болмақ.

Ерік РЫМҒАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *