Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан мырза Құсайынға, Орталық Қазақстан академиясының ректоры, з.ғ.д, проф. Бақтыбай Жолжақсынұлына (Жүнісовке)

Үстіміздегі жылдың 9 маусымында Орталық Қазақстан академиясының базасында «Атыңнан айналайын, Қарқаралы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференция өтіп, онда Қарқаралы тарихын қай жылдан бастап есептеген дұрыс деген мәселе бойынша Қарар қабылдағаны еліміздің ғылыми қауымдастығына мәлім.

Онда көрнекті этнограф, археолог ғалым, академик Әлкей Марғұланның Орталық Қазақстандағы Бегазы-Дәндібай мәдениеті туралы еңбектеріне, сонымен қатар республиканың белгілі ғалымдарының зерттеулеріне сүйене отырып, Қарқаралы қаласы мен өңірінің тарихын отаршыл Ресей империясының Қазақ хандығы мен қазақтың ата-бабадан мұра болып қалған кен-байтақ Ұлы даласын отарлау мақсатында «Орынбор қазақтары туралы жарғы» («Устав об оренбургских киргизах») жарыққа шыққан 1824 жылдан бастамай, одан әлде қайда ерте – 840 жылдан бастап есептеп, 1185 жылдығын 2025 жылы атап өтілуі шынайы тарихымызға сәйкес келетіні ғылыми тұрғыдан тиянақты дәлелденген.

Халықаралық ғылым-тәжірибелік форумның осы Қарарына көптеген ғылими-зерттеу мекемесінің қолдау білдіріп жатқанынан да хабардармыз. Сонымен қатар бұл Қарардың дүрыстығы туралы  мақалалар мен пікірлер мерзімді баспасөз беттерінде ( «Egemen Qazaqstan» газеті — 2023, 5 маусым, №104; «Ortalyq Qazaqstan» газеті  — 2023, 15 маусым; «Arqa Aqshamy» газеті  2023, 18 мамыр және «Qaragandy Habary» (2023, 18 мамыр және бірқатар республикалық ( «Хабар  24» (https://youtu.be/4MEnbLukUy4), және өңірлік (SARYARQA (https://saryargatv.kz/kz/news/29587) телеарнада жарияланғаны белгілі.

Қазақстанның киелі мекені, «Алаш» арыстарының алтын бесігі  – Қарқаралы қаласының  тарихын қай жылдан бастап есептеу мәселесінде отаршыл Ресей империясының  қазақ жерін отарлау мақсатында шығарған 1824 жылғы жарғысының уақытынан бастап емес, республиканың белгілі  ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін талқылап, шешім шығарған халықаралық ғылыми-практикалық  конференцияның Қарарын қолдайтынымызды хабарлаймыз.

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

 «Алаш» мәдениет және рухани даму

институтының директоры

Сұлтанхан Жүсіп

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *