«Үлкендер жолы-ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып»

Шет жалпы білім беретін мектебінде «Үлкендер жолы-ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты жиын  өтті. Кештің қонағы Қорлан Рымбекқызы болды.

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз!

Даңқым шықсын десенің,

Көпшіліктің адамы болыңыз, – деп Әл Фараби атамыз айтқандай, өз ісінің маманы бола білген, бірнеше жыл осы мектепте оқушылардың жастайынан сауатын ашқан, өнеге үйретіп тәрбие берген, білім атты кемеге отырғызып, болашаққа жол корсеткен бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарған, қазіргі таңда ауылымыздың көркеюіне өз үлесін қосып жүрген ардагер ұстаз, сонымен қатар «Бұлақ корсең көзін аш»  деп  ауылымыздағы бұлақтың ашылуына тікелей ат салысып жүрген еңбекқор ұстаз – Қорлан Рымбекқызы Молбасова оқушылар мен ұстаздармен кездесіп, жүрек жарды тілегін айтып, болашақ ұрпаққа ақыл кеңесін білдірді. Және де ұстаздар мен оқушыларға марапат қағаздарын табыстады.

Білім беру саласындағы ұзақ жылғы еңбектері мен жасұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен ардагер ұстазымызға қошемет көрсетілді.

Үңірек ауылының әкімі Бектас  Мұхамбетбекұлы:

– Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегіңіз зор. Олай болса, құрметті ардагер – ұстаз, деніңізге саулық, отбасыңызға бақыт, мерейіңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіз демекпіз, – деген тілегін білдірді.

Айзат Қуандықова,

Шет жалпы білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Үңірек ауылы

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *