Аудан абаттандырылады

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында биыл 16 заманауи балалар ойын алаңы мен 465 жарықтандыру тірегі орнатылады. Сондай-ақ, қоқыс алаңдарын жаңғырту жоспарлануда.

Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте абаттандыру жоспарлары туралы Қазыбек би атындағы аудан әкімі Ералы Оспанов айтып берді.

– Биылғы жылы әрқайсысы 400 шаршы метрден тұратын 16 балалар ойын алаңы бюджеттен қолдау тапты, оларда 18 ойын элементі болады, урналар, орындықтар, жарықтандыру тіректерін орнатамыз. Барлық алаңдарда тартан жабыны болады, – деді Ералы Оспанов. – Сондай-ақ, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша біз 20 алаңды, оның ішінде балалар ойын алаңдарын, саябақтарды, футбол алаңдарын және спорт алаңдарын жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні өтінімдерді қабылдау жүріп жатыр, 24 ақпанға дейін дауыс беруге белсенді қатысуыңызды сұраймын.

Биыл Бұқар жырау даңғылын Ермеков көшесі қиылысынан Олимпийская көшесіне дейін абаттандыру басталады. Жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіздікті арттыра отырып, шағын архитектуралық нысандарды орната отырып, тротуар аймақтарын қайта қалыпқа келтіру жоспарлануда. Сондай-ақ, Республика даңғылынан Тәттімбет көшесіне дейін Сарыарқа алаңы абаттандырылады. Онда бірнеше спорт және ойын алаңдары, сондай-ақ мобильді кітапхана болады.

Сонымен қатар, қалада Станиславский атындағы театрдың және оған іргелес аумақтың алаңын қайта құру басталады. Жаңа қоғамдық кеңістікті қалыптастыратын демалыс орындарымен серуендеу баспалдақтарын жабдықтау жоспарлануда.

Ауданды жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін жарықдиодты шамдары бар 465 тірек орнату жоспарлануда.

Кеншілер мәдениет сарайында түнгі жарықтандыру пайда болады.

Қоқыс алаңдарында еуроконтейнерлер орнатылады.

– Өткен жылы біз осындай 440 контейнер сатып алдық, тағы 1300 контейнер сатып алуды жоспарлап отырмыз. «ГорКомТранс» компаниясы өткен жылы осындай контейнерлерге арналған арнайы техниканы сатып алды. Сондай-ақ, бізде алаңдарды асфальттау және қоршауларды ауыстыру қарастырылған. Биыл Оңтүстік-Шығыстан бастаймыз, – деп атап өтті Ералы Оспанов.

Автожолдарды сапалы күтіп ұстау үшін Қазыбек би ауданының аумағы тоғыз секторға бөлінген, деп атап өтті спикер. Аудандағы автожолдардың жалпы ұзындығы – 417 шақырым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *