Абай шахтасындағы өзгеріс

Бұл туралы шахта директоры Андрей Сосунов хабарлады. Аталған кеніште бүгін к18 көмірін өндірумен бірге ұңғыма жұмыстары қайта жанданғанын атап өтті.

– 650 мың тонна қоры бар 321к12 лаваны 2025 жылдың қаңтарына қарай іске қосу жоспарланған. 600 мың тонна қоры бар 321к18с лавасына дайындық 2025 жылдың соңына қарай жүргізіледі. Біздің ұжымда 935 қызметкер және 750-ден астам кенші бар. Олар да осындай қалыпты әрі қарқынды жұмысты күтті, – деді Андрей Сосунов.

Qarmet бас директоры Вадим Басин Қарағанды көмір бассейнінің барлық нысандарын қалпына келтіру компания үшін басым міндеттердің бірі екендігін атап өтті.

– Көмір департаменті активтерінің жартысынан көбін жұмыссыз ұстау компания үшін де, кеншілер үшін де тиімді емес. Өз шикізатың болмаған жағдайда комбинат көмірді өзгеден сатып алуға мәжбүр. Бұл ретте кеншілер өндірген өнімдері үшін бонустар көрмейді. Жақын арада біз шахталарды өнеркәсіптік қауіпсіздік нормативтеріне сәйкес қалыпқа келтіреміз, кеншілерді жұмыссыз қалдырмаймыз, – деп атап өтті Вадим Басин.

Qarmet басшылығы 2008 жылы жарылыс кезінде қаза тапқан кеншілерді еске алу ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қазақстандық компанияның инвесторы Андрей Лаврентьев өткен жылдың 28 қазанында Костенко шахтадағы қаза болған құрбандарды еске алу мемориалын салу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *