Ауылдың тоқсан жылдығы

Шет ауданының Босаға ауылына биыл 90 жыл толды. Мерейтойға орай сыйлық ретінде тұрғындар үшін көпфункционалды корт пен ардагерлер алаңыны ашылды.

Босағадағы торқалы тойға дайындық өткен жылдан бастады: Мәдениет үйі жөнделді, фельдшерлік-акушерлік пункт салынды. Биыл 6,5 шақырым жол жөнделіп, ескі жарықтандыру тіректері қалпына келтірілді, шамдар ауыстырылды. Рұқсат етілмеген полигондар жойылды, ағаштар егілді.

– Тамыз айында біздің ауылға 90 жыл толады – бұл үлкен мереке.

Соңғы жылдары біздің Босаға кентіміз айтарлықтай өзгерді: ең ұзын көшелердің бірі – Бектұрсынов көшесі асфальтталды, екі грейдерлік жол жасалды, кітапхананың, полицияның, педагогтар үйінің қасбеттері жөнделді, корт пен ардагерлер алаңы ашылды. Болашақта одан да жақсы болады деп үміттенеміз, – деді жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразхан Көкенов.

Ардагерлер алаңын ауылға жергілікті кәсіпкер сыйға тартты.

Ескерткіш тақтада ҰОС сарбаздарының, тыл ардагерлерінің, ауған жауынгерлерінің және Чернобыль апатын жоюға қатысушылардың есімдері жазылған. Мемориалдың алдында мәңгілік алау жанып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.

– Алаң ауылдың қақ ортасында орналасқан және оны тұрғындар жақсы көреді.

Жаңа кортта жастар жазда футбол ойнай алады, ал қыста хоккей ойнайды. Келесі жылы біз сумен жабдықтау мәселесін шешуді көздеп отырмыз. Су құбыры желілері құрылысының ЖСҚ дайын. Сондай-ақ, ауылдық жолдарға асфальт төсеп, кіреберіс арка орнатуды жоспарлап отырмыз, – деді Босаға ауылының әкімі Қазбек Рахметов.

Елді мекен Ақсу-Аюлы аудан орталығынан 150 км қашықтықта орналасқан, онда мыңға жуық адам тұрады.

Манас АҚСАРЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *