Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысовтың Beeline Қазақстан басшысы Евгений Настрадинмен кездесуінде өңірдегі байланыс пен интернеттің сапасын арттыру туралы мәселелер қаралды. Жергілікті тұрғындар мен бизнес үшін байланыс жағдайларын жақсартуға арналған талқылау осы салада туындайтын жалпы аспектілер мен нақты мәселелерге қатысты болды.
2023 жылы Beeline 40 жаңа базалық станцияны қосу және бұрыннан бар 80-ге жуық станцияны жаңарту арқылы аймақтағы желісін кеңейтті. Ал 50-ден астам адам тұратын ауылдарды қамтитын «50 +» бағдарламасы аясында компания Қарасу, Қойбас және Қоянды сияқты елді мекендерді байланыс және интернетпен қамтамасыз етті, алдағы уақытта Босаға ауылын мобильді операторға қосу жоспарлап отыр. Сондай-ақ, биыл Beeline компаниясы 80-нен астам базалық станцияларды қосуды және 250 қолданыстағы (жаңа буын жабдықтарына) жаңғыртуды жоспарлай отырып, өз мүмкіндіктерін кеңейтпекші.
Облыс әкімінің орынбасары мобильді оператор тарапынан атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылға арналған жоспарларды атап өтті, сонымен қатар байланыс пен интернетке қатысты мәселелердің бар екеніне алаңдаушылық білдірді.
– Біздің тұрғындармен кездесулерде ұялы байланыс сапасы бойынша сұрақтар көтеріледі: бір жерде мобильді интернет жоғалады, бір жерде қоңырау шалу мүмкін емес. Біздің ауылдарда да осындай проблемалар бар, сондықтан Beeline компаниясы өз күштері мен мүмкіндіктерін тек қалаларда ғана емес, шалғай ауылдарға да жеткізеді деп үміттенеміз, – деді облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов.
Өз кезегінде Евгений Настрадин жергілікті билік органдарымен ынтымақтасуға және Қарағанды облысындағы байланыс және интернет мәселелерін шешу үшін шаралар қабылдауға дайын екенін білдірді.
– Біз ауылдық және халқы аз аудандар үшін жақсы байланыс пен интернетке қол жеткізудің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Бұқар Жырау ауданындағы Астаховка және Суықсу ауылдарының әкімдіктеріне, сондай-ақ жергілікті инвесторларға шағын елді мекендерді байланыс пен интернетке қосу жөніндегі жобаларды іске асырудағы ынтымақтастығы үшін алғыс білдіргім келеді. Біздің компания Қарағанды облысының әрбір тұрғынын қазіргі заманғы сапа стандарттарына сәйкес келетін тұрақты интернетпен қамтамасыз ету үшін облыс және жергілікті аудандар билігімен белсенді ынтымақтастық үшін әрқашан ашық, – деп қорытындылады Beeline Бас директоры Евгений Настрадин.