Бас полицей тағайындалды

Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы болып осы уақытқа дейін Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеген Негмет Исмағұлов тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа бастықты полиция департаментінің жеке құрамына ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков таныстырды.

Негмет Исмағұлов ішкі істер органдарында 1995 жылдан бері қызмет етіп келеді. Әр түрлі басшылық қызметтер атқарды. ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Қарағанды облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Санжар Әділов Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясын басқарды. Айдар Сейтбеков ұжымға жаңа басшыны таныстырды.

Санжар Әділов ішкі істер органдарында 1999 жылдан бері қызмет етіп келеді. Басшылық лауазымдарды атқарды. ІІМ Тергеу департаментінің бастығы, 2023 жылдың мамыр айынан бастап Қарағанды облысы ПД бастығы қызметін атқарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *