Balkhash Tour Fest 2024 – Қарағанды облысының ең жарқын жазғы фестивалі

Қарағанды облысында туризмді дамытуға көбірек көңіл бөлінуде. Жыл сайынғы Balkhash Tour Fest 2024 қонақтарды тартудың тағы бір тәсілі. Жазда ерекше күтілетін оқиға 26 және 27 шілдеде Балқаш көлінің жағажайында, Ақшағыл ауданында (Рембаза) өтеді.

Ұйымдастырушылар таңертеңгі 10-нан түн ортасына дейін жалғасатын мәдени, спорттық және ойын-сауық шараларын дайындады.

Белсенді демалысты ұнатындар үшін йога және зумба нұсқаушыларымен таңертеңгілік сабақтар, ұлттық және жағажай спорт түрлерінен жарыстар жоспарланған.

Балқаш желкенді регата, би фестивалі және көбік кеші болады.

Балаларға арналған театрландырылған ойын бағдарламалары, шеберлік сабақтары, байқаулар, викториналар жоспарланған.

Ашық аспан астында кинотеатр ашылады, онда қазақстандық режиссерлердің мультфильмдері мен киноленталары көрсетіледі.

Фестивальге танымал музыканттар, креативті жүргізушілер, диджейлер мен бишілер шақырылады.

Хедлайнер – актер және әнші Дастан Оразбеков.

Фестиваль Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Қосымша ақпаратпен Instagram әлеуметтік желісінің парақшасында танысуға болады: @balkash_tour_fest.

Balkhash Tour Fest 2024 – Қарағанды облысының ең жарқын жазғы фестивалі (www.gov.kz)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *