І. МӘДЕНИЕТ
Өткен жылы Қарағанды облысында 43 мәдениет нысаны жөнделді, шатырлар, қаптамалар ауыстырылды, пандустар орнатылды. 2023 жылғы жұмыстың қорытындысы және осы жылға арналған жоспарлар туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов баяндады.
Жасалған жұмыстар
Ағымдағы жөндеу бойынша барлық жұмыс мерзімінде орындалды. Ғимараттарда шатырлар ауыстырылды, қасбеттер жөнделді, мобильділігі төмен топтар үшін жағдайлар жасалды.
Мәдениет нысандарын материалдық-техникалық жарақтандыру жақсартылды. Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Е.Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестріне музыкалық үрмелі аспаптар сатып алынды. С.Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театры мен Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік үшін тазартуға арналған арнайы техника алынды. Сондай-ақ 15 мұрағат, 13 мұражай, 5 мәдени-демалыс ұйымы және 4 кітапхана үшін бағдарламалық қамтамасыз етуі бар 66 компьютер сатып алынды.
Үш облыстық театрларға жайлы автобустар табысталды. Енді ұжымдар гастрольдік сапарларының географиясын кеңейте алады, облыс пен елдің ең шалғай бұрыштарына бара алады.
Мәдениет саласындағы жетістіктер
Театр-ойын-сауық ұйымдары 2023 жылы облыстың қалалары мен аудандары бойынша концерттер мен спектакльдермен шығып, Испания, Түркия, Жапония, Оңтүстік Корея, Литва және Ресейдегі республикалық және халықаралық фестивальдерге қатысты.
Өткен жыл облыс өнерпаздарының үлкен шығармашылық жетістіктерімен есте қалды. Айтыскер, ақын Мақсат Аханов республикалық айтыстың Гран-приіне ие болып, жыл бойы Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болатын «Алтын домбыра» сыйлығымен марапатталды.
ҚР Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы, ақын Жанат Жанқашұлы «Айбоз» республикалық әдеби байқауында «Үздік поэзия» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Өткен жылы облыс әкімінің сыйлықтарына мәдениет пен өнердің үздік 26 қызметкері ие болды. Алғаш рет «Жыл мұрағатшысы» аталымы құрылды.
Эпикалық жанрдағы ақын Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығын, Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығын, Әбікен Хасенов пен Қалибек Қуанышбаевтың 130 жылдығын, мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығын мерекелеу аясында 2023 жыл ауқымды шаралармен есте қалды.
Театрлар мен концерттік бірлестіктер
Қарағанды облысында төрт театр және бір концерттік ұйым жұмыс істейді. Бүгінгі таңда театрлардың репертуары 243 спектакльді құрайды, оның ішінде 94-і ертегі. 2023 жылы 28 жаңа қойылым қойылды. Жалпы театр-ойын-сауық ұйымдары 2564 спектакль мен концерт көрсетті. Көрермендердің қамтылуы шамамен 1,5 млн адамды құрады.
Өткен жылы музыкалық драманы жандандыру және С.Сейфуллин атындағы академиялық театрды музыкалық-драма театры деп қайта атау туралы шешім қабылданды. Ол үшін бюджеттен оркестрдің ашылуына қаражат бөлінді. Сондай-ақ, театрға қуыршақ труппасын ашуға қаржы бөлінді.
Мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қолдау
Жылдан жылға мәдениет қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайлары да жақсарып келеді. Соңғы үш жылда Саран, Ақтас, Доскей кенттерінде 70 пәтер берілді. Пәтерлерге тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған музыканттар мен актерлер қоныстанды.
Кітапханалар
Қарағанды облысының кітапхана желісіне 256 кітапхана кіреді. Олардың жанында 44 коворкинг-орталық жұмыс істеуде.
Облыстық кітапханалар базасында робототехника клубынан бастап хендмейдке дейінгі түрлі бағыт бойынша балаларға арналған 156 клуб пен 157 үйірме жұмыс істейді.
Сондай-ақ, өңірде 13 мұражай мен олардың 5 филиалы қызмет етеді. Облыс мұражайларында сақталатын экспонаттардың жалпы саны 305 100 құрайды, оның ішінде негізгі қор – 230 617 бірлік.
2024 жылғы маңызды шаралар
Биыл Қарағандының 90 жылдығын, Қарқаралы ауданының 200 жылдығын, Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90 жылдығын мерекелеу аясында шаралар, сондай-ақ BALSHASH TOURFEST 2024 және TaldyFest ірі фестивальдері жоспарланған.
ІІ. ӘЛЕУМЕТ
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова облыс әкіміне 2023 жылғы жұмыс қорытындылары және 2024 жылға арналған жоспарлары туралы есеп берді.
Қорытынды
Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту
2023 жылы аймақтық жұмыспен қамту картасы бойынша 54 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Бұл көрсеткіш жоспардың 103% құрайды. 21 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 24 011 адам бос жұмыс орындарына жіберілді. Жеке бастамалар аясында 17 600 жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 6470 адам қамтылды. Ұлттық жобалар аясында 4 647 адам жұмысқа орналастырылды.
2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамыуының драйвері» Ұлттық жобасы бойынша өңіраралық еңбек ұтқырлығы шеңберінде 33 адам қоныс аударды.
Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, 2023 жылы жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін 1 млрд 620 млн теңге сомасына жылдық 2,5%-бен 365 несие берілді.
Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 263,58 млн теңге сомасына 212 грант берілді.
Мүгедектігі бар адамдарды қолдау
Мүгедектігі бар адамдарды қолдауға бөлінетін қаржыландыру ұлғайтылды.
Қазіргі уақытта облыста 55 мың мүгедек адам тұрады.
– Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады. 2023 жылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға бюджеттен 7,6 млрд теңге бөлінді, – деп атап өтті басқарма басшысы.
Мүгедектігі бар адамдар 2021 жылдан бастап «Әлеуметтік қызметтер порталы» ААЖ арқылы оңалтудың техникалық құралдарына тапсырыс береді және алады. Бүгінгі таңда 32 мыңнан астам тапсырыс жүзеге асырылды.
Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 245 нысаны бейімделді.
«Инватакси» қызметі облыстың 11 өңірінде тегін көлік қызметтерін көрсетеді.
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін өткен жылы кәсіпорындарда жалақысын субсидиялай отырып, 12 арнайы жұмыс орны құрылды. Жұмыс берушілер физиологиялық шектеулердің орнын толтыратын арнайы жабдықтар сатып алды.
Ардагерлерді қолдау
Бүгінгі таңда облыста Ұлы Отан соғысының 12 ардагері, жеңілдіктер бойынша оларға теңестірілген 2100 адам, 3 625 тыл еңбеккері тұрады.
2023 жылы облыстың қалалары мен аудандарының бюджеттерінде біржолғы материалдық төлем көрсетілді, оның ішінде ҰОС қатысушыларына – 1,5 млн. теңге, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына – 100 мың теңге, жалдамалы құрамдағы адамдарға – 100 мың теңге, Ленинградта блокада кезінде жұмыс істеген азаматтарға – 60 мың теңге, ҰОС жылдарында қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) жесірлері мен әйелдеріне – 30 мың теңге, тыл еңбеккерлеріне – 30 мың теңге.
2023 жылдан бастап облыстық мәслихаттың бастамасы бойынша басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне біржолғы материалдық көмек мөлшерін 150 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін ұлғайту туралы мәселе шешілді.
Сондай-ақ, 2023 жылы ҚР Тәуелсіздік күніне орай 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының 21 қатысушысына 400 мың теңге мөлшерінде біржолғы көмек төленді.
Түркістан облысының «Ақсу демі» шипажайында 186 ауған ардагері мен басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік қимылдарға қатысушылар шипажай-курорттық ем алды.
2024 жылға жоспарлар
Жұмыспен қамту
Әсем Жүніспекованың айтуынша, 2024 жылы жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету жалғасады. 48 мыңға жуық адамды, оның ішінде бос орындарға 22 мың адамды, жеке бастамалар шеңберінде – 16 мың адамды жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту шараларымен – 5,6 мың адамды, Ұлттық жобалар бойынша – 3 мың адамды қамту жоспарлануда.
Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 339 несие және 183 грант беріледі.
Осы жылдан бастап кәсіптік біліктілікті тану үшін тегін негізде тіркелген жұмыссыздар үшін жалпы сомасы 3,893 млн теңгеге 72 бір реттік ваучер беру көзделген. Кәсіптік біліктілікті тану орталықтарымен және жұмыссыздармен өзара іс-қимыл мансаптық орталықтар арқылы жүзеге асырылады.
Аз қамтылған отбасыларды қолдау
Аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселесінде де үлкен жұмыс атқарылуда.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қарағанды облысының 2088 аз қамтылған отбасы немесе 9640 адам атаулы әлеуметтік көмек алды.
Мүгедектігі бар адамдарды қолдау
Есту және көру қабілеті бұзылған мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін биыл облыс кәсіпорындарында 26 арнайы жұмыс орны құрылады.
Осы жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Мүгедек адамдарды және мүгедек адамдарды күтуді жүзеге асыратын адамдарды оқыту және жұмысқа орналастыру» жаңа жобасы енгізілетін болады. Оның мақсаты – кәсіби дағдылар мен әлеуметтік құзыреттерді қалыптастыру арқылы мақсатты аудиторияны жұмыспен қамту үшін жағдай жасау.
– Жобаның басты міндеттері – кәсіби дағдыларды қалыптастыру, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу, кәсіпкерлік және цифрлық сауаттылықты арттыру, жайлы экожүйе құру, – дейді Әсем Жүніспекова.
ҰОС қатысушыларына материалдық көмек
2024 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығы атап өтіледі. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне әрқайсысына 2 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілетін болады. Бұл санаттарға теңестірілген адамдар да мемлекет назарынан тыс қалмайды.
ІІІ. ДЕНСАУЛЫҚ
Қарағанды облысында 2023 жылы 21 денсаулық сақтау нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өңірде ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту да жүріп жатыр. Дәрігерлер тапшылығын шешу үшін жас мамандарға көтерме жәрдемақы көбейтілді.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова қолжетімді және сапалы медициналық қызметтерді қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстар жасалып жатқаны туралы облыс әкіміне есеп берді.
Дәрігерлер тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Қарағанды облысында 5168 дәрігер жұмыс істейді, оның 361-і ауылда;
орта медициналық персонал – 10 542 адам, оның ішінде ауылда – 1408 адам.
Кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі өзекті болып қалып отыр.
Жас мамандарды тарту үшін 2023 жылдан бастап көтерме жәрдемақыны 5 млн теңгеге дейін ұлғайтты. Бұл қолдауды ауылдарда жұмыс істеу туралы шешім қабылдаған 61 маман пайдаланды.
2024 жылы ауылдық жерлерде көтерме жәрдемақы 8,5 млн теңгеге дейін, Теміртау мен Балқашта – 5 млн теңгеге дейін ұлғайтылатын болады.
Шетелде мамандарды оқытуға қаражат бөлінеді. 2023 жылы Германия, Израиль, БАӘ және Ресей орталықтарында 63 дәрігер дайындықтан өтті: балалар нейрохирургиясы, кардиология және кардиохирургия, инсульт орталықтары, анестезиология-реаниматология, онкологиядағы нейрохирургия және т.б.
2023 жылы резидентураны 48 маман бітірді.
2024 жылы 130 маманды оқыту жоспарланған. 182 тұрғын оқуын жалғастырады.
Инфрақұрылымда қандай өзгерістер бар?
2023 жылы 21 денсаулық сақтау нысанының күрделі және ағымдағы жөндеулері қаржыландырылды. Бұл тек ауруханалар мен емханалар ғана емес, сонымен қатар дәрігерлерге арналған қызметтік тұрғын үй.
2024 жылға 12 нысанды күрделі жөндеу жоспарланған. Мысалы, Балқашта бұл жедел медициналық жәрдем станциясы мен медициналық колледж, Шахтинск қаласында – бұрынғы медбике ғимараты, Шаханда – отбасылық денсаулық орталығы, Абай ауданында – Сәрепті ауылының дәрігерлік амбулаториясы. Доскей ауылында дәрігерлер үйін қалпына келтіру аяқталады.
Ана мен баланы қорғауды жақсарту үшін не істеу керек?
2023 жылы облыстық балалар клиникалық ауруханасы жаңа ғимаратқа көшті.
Облыстық клиникалық аурухана базасында отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық орталығы ашылды.
«Қамқорлық» ерте көмек көрсету орталығы ұйымдастырылды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен алыс және жақын шетелдердің тәжірибесін қабылдаған босандыру және балалық шақ мамандары оқытылды.
2024 жылға арналған жоспарлар:
неонаталдық хирургия бөлімшесін ұйымдастырумен жаңа перинаталдық орталық салу;
балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған басқару орталығын, сондай-ақ балалық шақ жөніндегі ахуалдық орталықты ұйымдастыру;
БМСК-те патронаждық қызметті дамыту.
Кардиологиялық көмек саласында не жаңалық бар?
2023 жылы қан айналым жүйелерін үйлестіру-диагностикалық орталығы ашылды.
Пилоттық жоба бойынша телемедицина дамуда.
Жеке қаражатқа Қарағандыда тері арқылы коронарлық араласу орталығы ашылды. Инновациялық процедура жүрек-қан тамырлары ауруларын минималды инвазивтілікпен емдеуге мүмкіндік береді.
2024 жылға Қарағанды қаласының №2 көпсалалы ауруханасында жаңа операциялардың алты технологиясын енгізу жоспарлануда.
- IV. СПОРТ
Өткен жылы Қарағанды облысында бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен 2 жабық футбол манежі мен дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды, 8 хоккей корты, 57 жасанды жабыны бар спорт алаңы және 55 street-workout алаңы орнатылды. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев 2023 жылғы жұмыстың қорытындылары және биылғы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.
Бұқаралық спорттың дамуы үшін не жасалды?
Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Қарағандыда «Аманат-Арена» және «Шаңырақ» жабық футбол манеждері іске қосылды.
13 спорт нысанында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
3292 спорттық-бұқаралық шара өткізілді, оған 204 406 адам қатысты.
431 мыңнан астам адамды қамтитын 1250 дене шынықтыру және спорт ұйымдары жұмыс істейді. Сонымен қатар, оқушылар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамтамасыз ету үшін 28 442 адамды қамтитын 39 спорт мекемесі, жалпы білім беретін мектептерде 67 542 баланы қамтитын 4853 спорт секциясы, колледждерде 14 595 оқушыны қамтитын 205 секция жұмыс істейді. Жоғары оқу орындарында 109 спорт түрімен 14 237 студент айналысады.
Облыста 338 спорт нұсқаушысы жұмыс істейді, оның ішінде 121-і ауылдық жерлерде. Балалар мен жасөспірімдерді спорт секцияларына тарту үшін мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасы іске асырылуда спорттың 23 түрі бойынша 196 спорт түрінен 11 289 бала тегін жаттығады.
Облыс спортшыларының жетістіктері
Спортшылар 26 олимпиадалық спорт түрінен ҚР 6-шы жазғы Спартакиадасында сәтті өнер көрсетті, жалпы командалық есепте Қарағанды облысының командасы үшінші орынға ие болды.
Жоғары жетістіктер спортында 2023 жылдың басты халықаралық бастамасы Қытайдағы Азия және Параазия ойындарына қатысу болды, онда біздің спортшылар 12 медаль жеңіп алды.
Бүгінгі таңда Франциядағы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алуға спорттың 13 түрі бойынша 22 спортшы-кандидат анықталды.
Ұлттық спорт түрлерін дамыту
Аймақта 11 ұлттық спорт түрі ерекше танымал, оған 35 975 спортшы қатысады.
2023 жылдың басынан бері «Көкпар» спорт клубы жұмыс істейді. Онда екі жаттықтырушы айналысатын 14 нұсқаушы-спортшы бар.
2000 жылдан бастап «Қайрат» ұлттық ат спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер мектебі жұмыс істейді. Онда келесі спорт түрлері қамтылған: көкпар, аударыспақ, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату, асық ату, бәйге және жамбы ату. Мектепте 393 оқушы бар. Олармен 20 жаттықтырушы, оның ішінде 10 штаттық жаттықтырушы-оқытушылар жұмыс істейді.
Шекарасыз спорт
2019 жылдан бастап церебральды сал ауруы бар балаларға арналған «Барлығына арналған футбол» жобасы жұмыс істейді. Жалпы қамту – 30 жас қарағандылық спортшы.
Сондай-ақ, «Саламатты Болашақ» әлеуметтік жобасы іске асырылуда, ол аутизмі және церебральды сал ауруы бар 73 балаға таэквондо, хореография, жүзу және бочча секцияларына тегін баруға мүмкіндік береді.
2024 жылға арналған жоспарлар
Міндеттер: халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін жақсарту, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар мен балаларды қамтуды ұлғайту, мүмкіндігі шектеулі адамдардың спортпен шұғылдануы үшін қолжетімді орта құру.
Бес спорт кешені мен бір стадионның құрылысы жүріп жатыр. 2023 жылдан 2024 жылға ауысатын жобалар.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қарқаралы ауданының Қарағайлы кентінде 100 орындық спорт кешенін және Осакаровкадағы жүзу бассейнін салу жоспарлануда.
«Қазақстан халқына» қоры есебінен Қарқаралы ауданы Бүркітті, Нұра ауданы Ахмет, Шет ауданы Өспен ауылдарында және Ақтоғай ауданы Шашубай кентінде төрт спорт кешені салынуы тиіс.
Тағы үш спорт кешені Қарқаралы ауданының Жарлы, Бұқар жырау ауданының Доскей ауылдарында және Шет ауданының Ағадыр кентінде «Самұрық-Қазына» АҚ есебінен пайда болады.
Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылында Ұлттық спорт түрлері орталығы ашылады. Құрылыс жұмыстары басталды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды даярлау үшін жаттықтырушылар құрамы ұлғайтылады. Жүзу сабақтарына Абай, Шахтинск, Теміртау қалаларында психикалық дамуы тежелген 50 баланы тарту үшін бес жаттықтырушы, олардың көмекшісі және бір психолог жалдау жоспарлануда.
Жеңіл атлетикамен айналысуға Қарағанды мен Теміртауда психикалық дамуы тежелген және Даун синдромы бар 40 баланы тарту үшін төрт жүзу жаттықтырушысын, олардың көмекшісін және бір психологты жұмысқа қабылдау жоспарлануда.
Материал Облыс әкімдігі баспасөз-қызметінің ақпараты бойынша әзірленді