«Жазалаудың бұлтартпастығы» қағидатын қамтамасыз ету және «Заң мен Тәртіп» идеологиясы шеңберінде әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қарағанды-Сұрыптау станциясы Көліктегі полиция басқармасының қызмет ету аумағында 2026 жылдың 13 мен 17 сәуір аралығында «БОРЫШКЕР» жедел профилактикалық шарасы өтуде.
Шара барысында полиция қызметкерлері жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы қатысуымен борышкер азаматтардың мекен-жайлары бойынша рейдттік шараларды жүргізіп, құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға айыппұлдарды төлеу тәртібі түсіндірілуде.
Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Көліктегі полиция басқармасы азаматтарды қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға және әкімшілік міндеттемелерді уақытылы орындауға шақырады.
Ж.А.САДУАКАСОВА,
Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы
Көліктегі полиция басқармасы
АСт инспекторы полиция майоры
