Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібіне сәйкес бірқатар профилактикалық сұрақтар қарастырылды.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерді оқытудың жағдайы, мемлекеттік қызметтік автокөлікті мақсатқа сай пайдалануына жүргізілген талдаудың қорытындысы, Шет ауданының әкімінің және Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы баяндамалары тындалды.
Отырысқа өзге мемлекеттік органдардың өкілдері онлайн форматта қатысып, туындаған мәселелерге жауап берді.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет тәртібін нығайтуға бағытталған бірқатар профилактикалық ұсыным берілді.
Мемлекеттік қызмет істерінің
Қарағанды облысы бойынша департаменті