Ел намысын асқақтатқан жерлесіміз

16-20 мамыр күндері Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласында ересектер арасында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 17 елінен келген 435 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Аталған жарыста 73 келі салмақ дәрежесінде ақадырлық жерлесіміз Жорағұл Дархан ел намысын абыроймен қорғап, жоғары шеберлік пен қайсар мінез көрсетті. Тартысқа толы белдесулерде қарсыластарына лайықты тойтарыс беріп, ІІ-орынды иемденіп, күміс медальға қол жеткізді.

Аталған жеңіс спортшының ғана емес, туған елдің мерейін өсірген үлкен жетістік. Жорағұл Дарханның табандылығы мен қажырлы еңбегі жас спортшыларға үлгі болары сөзсіз.

Жерлесімізді айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!

Қалижан БЕКҚОЖА,

Ақадыр кенті