Ерекше балаларға айрықша мүмкіндік

Облыста ерекше балалар үшін қолайлы орта құруға үнемі көңіл бөлінеді. Бар проблемаларды тыңдау үшін өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев тоқсанына бір рет мүгедек балалардың ата-аналарымен кездесулер өткізеді.

Кезекті кездесуде инклюзивті ойын алаңдары қашан пайда болады деген сұрақ қойылды. Қарағанды әкімі Мейрам Кожуховтың айтуынша, мүгедек балаларға арналған арнайы жабдықтары бар екі ойын кешенін орнату жоспарланған.

Ермағанбет Бөлекпаев осындай алаңдарды барлық жерде жасау керек екенін атап өтті. Ол келесі жылдан бастап барлық қала мен аудандарда осындай алаңдар салуды тапсырды.

Мүгедектігі бар жастарды жұмысқа орналастыру өзекті мәселе болып қала береді. Қабылданып жатқан шаралар туралы білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары баяндады.

Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің базасында мүгедек адамдарды кәсіптік даярлауға арналған Ресурстық орталық іске қосылды.

Білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағының тапсырысы бойынша көгалдандырушыларды дайындау үшін білім беру бағдарламасын әзірлегенін хабарлады. Курстардың алғашқы түлектері жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге арналған этникалық шығармашылық орталығы жұмыс істейді.

Жұмыс берушілер тізілімі бар мобильді қосымша әзірлеу жоспарлануда. Онлайн режимінде Бос орындар туралы ақпарат алуға және кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуге өтініш беруге болады.

Террикон алқабының базасында мүгедектігі бар және оларға күтім жасайтын адамдардың цифрлық кәсіптеріне оқыту жалғасуда. Қазір екінші ағынға өтінімдер қабылдануда.

Ата-аналар мүгедектігі бар студенттерге дуальды оқыту алаңдарын құруды ұсынды. Бұл оларға колледжді бітіргеннен кейін жұмыс табуға көмектеседі.

Кездесуде білім, денсаулық сақтау, спорт мәселелері де көтерілді.

Ата-аналар ашық диалогтың конструктивтілігін атап өтеді.

– Бүгін 30-дан астам сұрақ қойылды. Олардың бір бөлігі бірден жауап алды. Кездесу барысында облыс әкімі тапсырма берді. Өзара әрекеттесу жақсы, форматы өнімді. Егер бұрын ауқымды мәселелер көтерілген болса, қазір жеке мәселелер ортаға салынады. Оң өзгерістер көріп отырмыз, – дейді Қарағанды әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Әсел Бекбаева.

Ермағанбет Бөлекпаев әріптестерін осындай тұрақты байланыс орнатып отыруға шақырды.

– Көптеген мәселені жергілікті жерлерде шешуге болады, сондықтан оларды облыстық деңгейге шығарудың қажеті жоқ. Мүгедек балалардың ата-аналарымен кездесуге уақыт бөліңіздер. Біз осындай отбасыларға көмектесуіміз керек және міндеттіміз! – деп атап өтті облыс әкімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *