Jumys Tap-та жұмыс көп

Қарағанды орталық саябағында «Жастарға жұмыс» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Онда 40 жұмыс беруші 800-ден астам бос орын ұсынды.

270-тен астам тұрғын жұмысқа орналасу бойынша кеңес алды. Jumys Tap жобасы бойынша қысқа мерзімді тегін курстарға15 адам жазылды.

Сондай-ақ, жәрмеңкеге ҚАЖД, қалалық полиция басқармасы, Ten Qogam ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының өкілдері, жеке сот орындаушылары қатысты.

Келушілерге Кәсіптік оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелері, оның ішінде «Күміс жас», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламалары бойынша кеңес берілді.

– Жәрмеңке жастарға арналған. Біз жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектерін шақырдық. Оларға мамандық бойынша бос жұмыс орындары, сондай-ақ «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» сияқты жобаларға қатысу ұсынылды. Статистика бойынша, осындай жәрмеңкелерден кейін 50-ден 100-ге дейін адам жұмысқа орналасады, – деді Қарағанды облысы еңбек ұтқырлығы орталығының директор орынбасары Дәурен Қошқаралиев.

Төремұрат Балтабаев 25 жаста, география пәнінің мұғалімі, мамандығы бойынша жұмыс іздейді.

– ЖОО-ны 2022 жылы бітіргенмін, бірақ бүгінгі күнге дейін мамандығым бойынша жұмыс істемедім. Енді дипломға сәйкес жұмыс табуды шештім. География пәнінің мұғалімдері қажет мектептерді қарадым. Мұндай жәрмеңкелер жұмыс табуға көмектеседі, – дейді Төремұрат.

Іңкәр Қисамедин биыл университетті «радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бітірген.

– Мен мұндай жәрмеңкеге бірінші рет келіп, мамандық бойынша жұмыс іздеп жүрмін. Жалақым150 мыңнан жоғары болғанын қалаймын. Интернеттен жұмыс іздедім, бірақ таппадым: барлық жерде тәжірибе қажет. Мұнда жұмыс таба аламын деп үміттенемін, – деді Іңкәр.

Бос жұмыс орындарымен enbek.kz порталында танысуға болады.

Jumys Tap жобасы бойынша тегін оқуға Call center немесе консультациялық пункттерде («Таир» СО, «Умай» СО, Пришахтинскідегі «Ёжик» супермаркеті және Теміртаудағы 6-шы шағынаудандағы базарда), сондай-ақ Instagram-да Jumys_tap_karaganda және ctm_karaganda парақшаларына жазылуға болады.

Байланыс телефондары: 8-775-644-35-80, 996-493. Call center: 60-50-50.

Өз тілшімізден

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *