Теміртау қаласында Қазақстан Республикасының 1-ші магниткасының 80 жылдық мерей тойына байланысты ұйымдастырылған іс шара өтті. Сонымен қатар биылғы жылы шет елден Германия Кеңес әскери тобы және Варшава келісім шарттық әскери тобының шығарылғанына 30 жыл (1994 — 2024) толуына орай Қарағанды облыстық ГСВГ, ГВВД Ардагерлерінің ұйымдастырылған кездесуі болды.
Кездесуді Металлургия комбинатының қызметкерлері, қаруласымыз Қазыбек Жұмағалиұлы және металлургия зауытының алдыңғы қатардағы жұмыскері (жауынгері) Сәкен Темірұлы ұйымдастырды. Жиынға Германия жерінде әскери борышын өтеген ардагерлер қоғамының төрағасы Егінбай Нәзірұлы Слямов сонымен қатар бір топ ардагерлер қатысты.
Келген қонақтар АО «КАРМЕТ» директоры Вадим Басинге мерекелік мәңгілік Алғыс хат сувенирі тапсырылды.
Сонымен қатар Теміртау қалалық Әскери комиссариятының бас қолбасшысы полковник Сапар Қабылов шақырылып , оның орынбасары майор Болат Қаленовтің қатысуымен мерекелік Ардагерлер кездесу іс шарасы өтті.
«Келген қонақтарға шексіз алғысымызды білдіреміз.Осындай шаралар жиі өтіп тұрады. ардагерлерге денсаулық тілеймін, Қарағанды облыстық ГСВГ ГВВД ардагерлері Қоғам бірлестігінің патриоттық тәрбие берудің мақсатындағы жұмысы арта беруіне сенімдімін», — дейді ҚО ГСВГ ГВВД Ардагерлері қоғам бірлестігінің төрағасы Егінбай Нәзірұлы.
Манас АҚСАРЫ