Мәдениетке көңіл бөлген Қарағанды

Қарағанды облысында мəдениет саласында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Республикалық, облыстық, халықаралық байқаулар, шығармашылық кештер өткізіліп, халықтың ілтипатын алуда.

Жыл басынан елімізге белгілі жазушы, этнограф Төрехан Майбастың 75 жылдық мерейтойы, еліміздің ерке қызына айналған Мақпал Жүнісованың 60 жылдық мерейтойы, «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты, ақын Абзал Бөкеннің 75 жас мерейтойы, балалар жазушысы Сүйіндік Жанысбайдың 70 жылдығына орай шығармашылық кештер ұйымдастырылып, өткізілді.

Жақында ғана Шет ауданында белгілі қаламгер Өмір Кəріптің «Бастау» атты кітабының тұсауы кесілді.

Сəкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында Əскерхан Ақтайдың «Ай қараңғысы» əлеуметтік-драмасы, Ұлықбек Есдəулеттің «Қара пима» драмасы қойылды.

Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің əншілері Ержан Базарбеков пен Гүлмира Серікқызының шығармашылық кештері өтіп, өнерге үлкен серпіліс берді.

Халық əртістері Жəния Əубəкірова мен Гауһар Мырзабекованың «Бах. Шопен» концерті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елмұра Жаңабергеннің «Дүрлердің дүбірінен жеткен дауыс» атты жеке шығармашылық концерті өтті.

Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткері, композитор, профессор Тілеуғали Кышқашбаевтың «Шаттық елім», «Роксонаки» тобының солисті Серік Көшкінбаевтың шығармашылық кештері халықтың ризашылығына ие болды.

Балаларды қорғау күніне орай облыстық мəдени-сауық жəне халық шығармашылығының ғылыми-əдістемелік орталығы «Еркетай» байқауы, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрында қуыршақ театрларының VI «Кукляндия» ашық фестивалі өтті.

Фестивальға Ресей, Қытай, Өзбекстан, Эстония елдері қатысты.Осы фестиваль аясындаҚарағанды, Шымкент, Қызылорда, Екатеринбург, Гонконг, Бухара, Йыхви қалаларынан келген 8 театр, 8 ертегіні сахналады.

Облысымыздағы өнер адамдарына, мəдениет саласының мамандарына мемлекет тарапынан ынталандыру, қолдау көрсетілуде.

2023 жылдан өңірдің туристік кластерін, мəдениетін дамытуға арналған «Балқаштурфест» фестивалі ұйымдастырылып келеді. Аталмыш шара биыл да жалғасын табуда.

Сонымен қатар, биыл Республикалық ақындар айтысы, Қарқаралы ауданының 200 жылдық мерейтойын атап өту жоспарланып отыр. Президентіміздің бастамасымен қолға алынып жатқан «Көшпенділер ойындарына» облысымыз қызу дайындық жұмыстарын бастап кетті.

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрында өңірімізден шыққан атақты композитор Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына орай «Айсұлу» операсының концерттік нұсқасы қазақ тілінде сахналанды. Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік «Астана Опера» театрымен бірлесіп Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына іс-шара өткізді.

Алдағы уақытта Сəкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында «Қыз жібек», «Ромео мен Джульетта», «Ханума» қойылымдары, «Али баба жəне 40 қарақшы», «Есте сақта балақай» ертегілері қойылады.

Облыстық өлкетану музейінің жəне облыстың тарихшылары қыркүйек айынан қазан айына дейін Жошы Ұлысының 800-жылдығына республикалық ғылыми-танымдық экспедицияға жолға шығады

Сонымен қатар, облыстық бейнелеу өнері музейінде латвиялық суретші Валентин Даниленконың жеке көрмесі жоспарланып отыр жəне де биыл облыстық Николай Гоголь атындағы ғылыми əмбебап кітапханасының 90 жылдығы, облыстық зағип жəне нашар көретін жандар кітапханасының 55 жылдық мерейтойы аясында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *