Маркшейдерлік істің Қазақстан өнеркәсібіндегі рөлі

Маркшейдерлік іс тау-кен өндірісінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Маркшейдер мамандар пайдалы қазбалар кен орындарын игеруде өлшеу, жоспарлау және бақылаумен жұмыстарымен айналысып, тау-кен жұмыстарының дәлдігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қазақстан минералдық ресурстарға бай ел болғандықтан, маркшейдерлік іс өнеркәсіп пен жалпы экономика дамуында ерекше маңызды рөл атқарады.

Маркшейдердің негізгі міндеті – тау-кен қазбаларының дәл топографиялық және геометриялық модельдерін жасау, өндіріс көлемін бақылау және ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету. Маркшейдер маманының атқарған оң жұмысы кәсіпорындардың тиімділігіне, өндірістік тәуекелдерді азайтуға және жұмысшылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Қазақстанда тау-кен өнеркәсібі ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін құрайтындықтан, білікті маркшейдерлер мемлекеттік және жеке компанияларда жоғары сұранысқа ие.

Маркшейдер мамандығын таңдаған талапкерлер үшін белгілі бір артықшылықтар бар. Бейінді жоғары оқу орындарында оқу еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кейбір білім беру бағдарламасы тау-кен саласындағы кәсіпорындармен мақсатты оқытуды, гранттар мен шәкіртақыларды, сондай-ақ еліміздің жетекші кен орындарында тәжірибеден өтуді ұсынады. Бұл мүмкіндік білім алушылар үшін кәсіби дағдыларды меңгеріп қана қоймай, оқу бітіргеннен кейін өндірістік ортаға тез бейімделуге мүмкіндік береді.

Осылайша, маркшейдерлік іс мамандығы Қазақстанның тау-кен және өнеркәсіп саласының ажырамас бөлігі болып табылады және жас мамандарға тұрақты әрі беделді мансапқа жол ашады.

Болашағы бар, сұранысқа ие мамандықты таңдаңыз! «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша білім  алғыңыз келсе, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне  шақырамын.

Қарлығаш ХАМЗИНА,

Әбілқас Сағынов атындағы

Қарағанды техникалық университеті, ф.ғ.к., доцент