Мемлекеттік қызмет

Шектеулер түсіндірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаменттің  Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы А.Вабищевич Ә.Бөкейхан ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

Шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалардың талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы әдептілік нормалары, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға (лудомания) қатысу бойынша шектеулер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер таныстырылып, шара соңында қатысушылар тарапынан қызметті атқару барысында туындайтын мәселелер бойынша сауалдар қойылып, заңнама аясында жауаптар берілді.

 

Жастарға жаңа мүмкіндік

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Д.Абдрахманов жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында Қарағанды Медицина университетінің 4-курс студенттерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметке кіру бойынша енгізілген өзгерістер, мемлекеттік қызметтің артықшылықтары және конкурссыз мемлекеттік қызметке орналасу туралы ақпарат берілді.

Осы ретте, жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант аясында білім алып, оны жақсы көрсеткішпен (GPA 3.33-тен жоғары) тәмәмдаған түлектер үшін мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігі жеткізілді.

Кездесу соңында студентерге қызықтырған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.

 

Еріктілер абаттандыру жұмысына қатысты

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаменті жанында құрылған Еріктілер кеңесінің мүшелері Қарағанды облысы статистика департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен бірлесіп, «Таза Қазақстан», «Ерлікке тағзым» акциялары  аясында  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің  80 жылдығы және Отан қорғаушылар күніне орай қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау мақсатында «Жеңіс саябағында» абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Әділ БЕК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *