«Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшының жаңа орынбасары тағайындалды

Ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының орынбасары ретінде полковник Акшиков Талғат Болатұлы тағайындалған болатын. Аталмыш лауазымға жаңадан тағайындалған офицерді жеке құраммен  «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Сакентай Амантайұлы Шекарбеков таныстырды.

« Талғат Болатұлы, «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қош келдіңіз. Бүгінде сіздің келуіңізбен «Орталық» өңірлік қолбасшылығы өңірлік қолбасшылықтар арасында бірінші орынды сақтайды деп сенеміз. Сізді жаңадан тағайындалған лауазымыңыз бен құттықтай отыра жұмысыңызға толағай табыс тілеймін-деді «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков.

Атап өтетін жайт, полковник Акшиков Талғат Болатұлы аталмыш лауазымға тағайындалғанға дейін Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында ұйымдастыру және жұмылдыру басқармасының бастығы қызметін атқарған.

 

    ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *