Әскери қызметшілерге қаржылық сауаттылық бойынша дәріс өтті

ҚР Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5516 әскери бөлімінде Халық банкі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қаржылық сауаттылық тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – әскери қызметшілердің қаржыға деген жауапкершілігін арттыру, тиімді жоспарлау мен жеке бюджетті басқару дағдыларын қалыптастыру. Дәріс барысында банк мамандары несие алу және төлеу тәртібі, электронды банкинг, алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары, сондай-ақ депозиттер мен инвестициялар туралы кеңінен мәлімет берді.

Сұхбат форматында өткен кездесуде әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты мысалдар арқылы түсініктерін кеңейтті. Сонымен қатар банк өкілдері қаржылық жоспарлау мен жинақтау мәдениетінің қазіргі замандағы маңыздылығын ерекше атап өтті.

Мұндай кездесулер әскери қызметшілердің тек кәсіби ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық сауаттылығын арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз. 5516 әскери бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы өз алғыстарын білдіре отырып, мұндай игі шаралардың дәстүрге айналуын қолдайтынын жеткізді.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *