Қарағанды облысында қоғамдық көлікті цифрландыру жалғасуда. ONAY! жол ақысын төлеу жүйесіне биылғы жылы Теміртау мен Шахтинск қалаларының қоғамдық көліктері көшіріліп жатыр.
Жолаушылар тасымалы саласындағы жағдай туралы аппараттық кеңесте жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Қожанов баяндады.
Соңғы төрт жылда облыс тасымалдаушылары 400-ге жуық жаңа автобус сатып алды.
– Соңғы 10 жылда алғаш рет серіктес қалалармен қалааралық маршруттардың жылжымалы құрамын ауыстыру үшін 44 жаңа автобус сатып алынды. Осының нәтижесінде Қарағанды маңына қызмет көрсететін автобустардың шамамен 50%-ы жаңартылды. Облыс орталығы бойынша автобустардың орташа пайдалану мерзімін 11 жылдан 6,5 жылға дейін төмендетуге мүмкіндік туды. Автобустар отандық QazTehna автоөндірушісінен сатып алынды, – деді Мақсат Қожанов.
Аудан орталықтарының ішінде маршруттық желіні дамыту жүріп жатыр. Ботақара мен Нұрада автобустар іске қосылды, Қарқаралы қаласында қалаішілік маршрут ашу жоспарлануда.
Теміртауда трамвай қатынасы қалпына келтірілмек. Бұл бағытта QARMET тарапынан түсіністік бар, ал біз өз тарапымыздан жәрдем көрсетуіміз керек, бұл қала үшін маңызды міндет, деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.
Сондай-ақ, ол қалалар мен аудандардың әкімдеріне ең сұранысқа ие ауданішілік және кентішілік маршруттар бойынша тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жұмысты жандандыруды және қоғамдық көлікті жаңартуды жалғастыру тапсырылды.
– Соңғы жылдары жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Бұл автобус паркін жаңарту, электронды билет жүйесін енгізу, 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға облыс орталығында тегін жол жүру мүмкіндігі. Бірақ кешенді тәсілді қажет ететін проблемалық мәселелер де бар. Тұрғындардан кешкі уақытта автобустардың жұмыс кестесін ұзарту туралы өтініштер келіп түсуде. Қарағанды әкімі мен жолаушылар көлігі басқармасы қалалық және ауданаралық маршруттар бойынша, атап айтқанда, таңертеңгі және кешкі қарбалас уақытта автобустар қозғалысының жүйелілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдасын. Автобустардың жүруін сағат 22:00-ге дейін ұзартуды ескере отырып, қаланың шалғай бөліктеріне және қала маңындағы бағыттар бойынша кезекші кестелерді ұйымдастыру бойынша ұсыныс енгізу қажет, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.