Жақында Шахтинск қаласында маңызды қуанышты оқиға – Оқушылар сарайының екінші корпусының аумағында «TARLAN» мектеп автокартодромының ашылуы күтілуде.
Осы нысанның аумағын абаттандыру және «Таза Қазақстан» республикалық акциясын іске асыру аясында Оқушылар сарайы мектепке дейінгі ұйымдармен бірлесіп «Құстарға арналған ұялар» экологиялық акциясын өткізді. Балабақша тәрбиеленушілері ата-аналарымен, Оқушылар сарайының ұстаздарымен бірге ағаштарға құстар үшін қоректенетін орындар жасап, іліп қойды. Құстарға арналған қоректендіргіштер мен үйшіктер өте жарқын, қызықты және алуан түрлі болып шықты.
Акцияның негізгі мақсаты – экологиялық тәрбие беру, туған өлкенің құстарына мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыру, балалардың назарын құстарды қоректендіру мәселесіне аудару.
#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan