Теміртау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдау мақсатында су қоймасын тазалау шарасы өткізілді

Өткізу күні: 2025 жылғы 23 сәуір
Уақыты: 10:00
Өткізу орны: Теміртау қ., Самарқан су қоймасы
Жауапты тұлға нөмірі: +7-775-989-45-43, Мадина Салпенова
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы: +7-701-959-37-77

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарлмасы аясында, Қарағанды облысының табиғи ресурстар басқармасы мен Нұра-Сарысу аймақаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қолдауымен, бүгін Бұхар-Жырау ауданы, Теміртау қаласындағы Самарқан су қоймасында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өтті. Шараны Нұра-Сарысу аймақаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы мен «Волков В.А.» ЖК балық шаруашылығы субъектісі ұйымдастырды.

Акцияның негізгі мақсаты — балық қорын және олардың табиғи мекендеу ортасын сақтау, сондай-ақ табиғи көбеюіне жағдай жасау. Іс-шара барысында су айдындарынан иесіз қалған балық аулау торлары жиналып, су қоймасының жағалауы тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқыстан тазартылды.

Акцияның маңыздылығы туралы шараға қатысушылар да өз пікірлерін білдірді. Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бахтияр Санбаев: «Таза жағалау» акциясы — «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы маңызды шаралардың бірі. Бұл еліміздің су ресурстарын сақтауға мүмкіндік берді. Экологияны қорғау — баршамыздың ортақ міндетіміз», — деп атап өтті.

Шараға Нұра-Сарысу аймақаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мемлекеттік инспекторлары, балық шаруашылығы субъектілері, Қарағанды облысының табиғи ресурстар басқармасы қызметкерлері, эко-белсенділер, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Осындай шаралар Самарқан су қоймасы №2 учаскесі, Ботақара көлі, №2 Көгілдір тоғандар, К. Сәтпаев атындағы арнасының 29 В/В, Федоров, Ынтымақ және Саран су қоймаларында да өткізілмек.

Акцияларды өткізу мерзімі — осы жылдың 30 мамырына дейін белгіленді. Әр су айдынында өткізілетін шараның нақты күні қосымша хабарланатын болады.

Әр қатысушы өздерінің қоршаған ортаны қорғауға деген жеке жауапкершілігі мен белсенділігін сезінді. Мұндай іс-шаралар тұрақты даму, табиғатты қорғау және қалалардағы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *