Соғыстан кейінгі жылдары аты аңызға айналған поляк әншісі Анна Германның туған ағасы Теміртауда тұрған. Артур Герман Теміртау қаласының № 1 мектебінде неміс тілі пәнінің оқытушысы болды, деп хабарлады жергілікті мұражай қызметкерлері жаңа онлайн-айдарында.
Бірнеше жылдан бері Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында «Белгісіз Теміртау» жобасы жұмыс істеп келеді. Ол қалада әртүрлі уақыт кезеңдерінде болған оқиғаларды қамтиды. Күн сайын мұрағаттармен және экспонаттармен жұмыс жасай отырып, мұражай қызметкерлері қызықты фактілерді табады. Және де олармен қала тұрғындарымен бөліскісі келеді. Осылайша «Теміртаулықтардың өмірінен шағын әңгімелер» атты жаңа онлайн-жоба дүниеге келді.
Жобаның кураторы, мұражайдың аға ғылыми қызметкері Татьяна Хмелеваның айтуынша, ештеңе жайдан-жай болмайды. Оның айтуынша, шағын әңгімелер мозаика сияқты, оның бөліктерінен жаһандық тарих қалыптасады.
– Бұл жоба көлемді экспонаттарға негізделмеген. Қызықты әңгімелер бар, бірақ олар үшін біз үлкен көрме ұйымдастыра алмаймыз. Алайда олар туралы айтқымыз келеді. Бүгінгі таңда әр әлеуметтік желіде осы немесе басқа оқиғаны, жағдайды қысқаша баяндауға мүмкіндік бар. Қазір адамдар да ақпаратты тез және қысқаша алғысы келеді. Сондықтан біз мұражай ақпаратын ұсынудың ерекше әдісін қолданатын жобаны іске қосуды шештік, – дейді Татьяна Хмелева.
Айдар неміс тілі мұғалімі Артур Герман – танымал эстрада әншісі Анна Германның ағасы туралы әңгімемен ашылды. 19 жасында ол жала жабу салдарынан қамауға алынып, Архангельск және Карлаг лагерлерінен өткен. Ол 1946 жылы босатылып, Теміртаудағы жұмысшылар кентінде тұрды. № 1 мектепте неміс тілі мұғалімі болып еңбек етті. Мұражай қорларында сол кездегі бірнеше фотосуреттер бар.
Келесі сюжет 1934 жылы Кеңестік мемлекет және саяси қайраткер Сергей Кировтың Самарқанд кентіне сапары туралы баяндайды. Оның сапары Теміртаудағы алғашқы қалалық саябақтың пайда болуымен тікелей байланысты.
Жоба жыл бойы аптасына бір рет қазақ және орыс тілдерінде шығарылатын болады.
Теміртаулықтардың өмірінен алынған тарихпен ВК – «Теміртау мұражайы», Фейсбукте – «Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы» және Instagram-да – @temirtau.muzey-да танысуға болады.