Жұмыс бар

Қарағанды облысы бойынша Еңбек ұтқырлығы орталығы жұмыс іздеушілерді Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бос орындар жәрмеңкесіне шақырады. Онда түрлі кәсіп бойынша 700-ге жуық жұмыс орны ұсынылады. Жұмыс берушілер ресми жұмысқа орналасуға, тұрақты еңбекақы мен әлеуметтік аударымдарға кепілдік береді.

Темір ұстасы, электр газымен дәнекерлеуші, жол монтаждаушысы, жүргізуші, аспаз, токарь және т.б. мамандықтар басымдыққа ие.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта Қарағанды бойынша enbek.kz электрондық еңбек биржасында 2 000-нан астам бос жұмыс орны қолжетімді. Білім беру, денсаулық сақтау, фармацевтика, өнеркәсіп, сауда және қызмет көрсету саласындағы мамандар сұранысқа ие.

Жәрмеңке 11 ақпанда сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін «Таир» сауда үйінде өтеді, Мекенжайы: Ғарышкерлер көшесі, 1, 1/29.

Байланыс телефондары: 60-50-50, 8-775-644-35-80 (WhatsАpp).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *