Жұмыс істегісі келетін зейнеткерлерге қайда жүгіну керек?

Зейнеткерлік жас – жұмыс істеймін дегендер үшін шектеу болмауы тиіс. Қарағанды облысында зейнеткерлер үшін жұмыс орындарын ашу туралы шешім қабылданды. Жергілікті бюджеттен жұмыс берушілерге лайықты демалысқа шыққаннан кейін жұмыс істегісі келетін қызметкердің жалақысының жартысы өтеледі.

Бағдарламаға Қарағанды облысында тұратын және тіркелген зейнеткерлер қатыса алады. Барлық меншік нысандарындағы ұйымдарда жұмысқа орналасуға болады. Жалақы 50-де 50, яғни жұмыс берушінің қаражатының тең үлесінде және жергілікті бюджеттен субсидиялау есебінен жүргізілетін болады.

Бағдарламаны іске асыру Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы (Call-орталық – 60-50-50, 8-775-644-35-80), сондай-ақ өңірдің қалалары мен аудандарының мансап орталықтары арқылы жүзеге асырылатын болады.

Өз тілшімізден

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *