Қарағанды ЖЭО-3жылыту маусымына қамдану үстінде. Негізгі 14 жабдықтың барлығы жөнделеді. Сондай-ақ қоймалар отынмен толықтырылады: қазірдің өзінде 350 мың тоннадан астам көмір және 1000 тоннаға жуық мазут дайындалды.
Қазір станцияда екі қазандық күрделі жөндеуден, турбина кеңейтілген-ағымдағы жөндеуден өткізілуде.
№5 қазандық агрегатын күрделі жөндеу кезінде қазандық экрандарының панельдері, радиациялық бу қыздырғыш, екі сатылы су экономайзері, шикі көмір бункерлері толығымен ауыстырылады. Ауыстырылатын қыздыру беттерінің жалпы массасы – 250 тонна. Сонымен қатар, газ тазалау қондырғылары – эмульгаторлар жаңа қондырғылармен ауыстырылады. Күрделі жұмыс 120 күнге есептелген және жаз соңына дейін созылады.
№4 турбинада кеңейтілген-ағымдағы жөндеу жалғасуда. Мұнда барлық цилиндрлерді ашып, орташа қысымды роторды ауыстыра отырып, ағын бөлігі жөнделеді, генераторға күрделі жөндеу жүргізіледі; турбина мойынтіректерінің ішпектерін қайта құю арқылы тіректерді жөндеу; жоғары қысымды жылытқышты жөндеу жүргізіледі. Жұмыс 50 күнге есептелген, шілде айының соңында аяқталады.
Қазір №6 қазандық агрегатында жөндеу аяқталды. Жөндеу кезінде энергетиктер қазандықтың айналмалы механизмдерін (түтін сорғыштар, балға диірмендері, ыстық үрлеу желдеткіштері) жөндеп, тексеріп шықты. Сондай-ақ аса жоғары температурада жұмыс істейтін қазандық агрегаттарының қыздыру беттері жаңартылды.