Жосықсыз құрылыс компаниялары белгілі болды

Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы құрылысты рұқсат құжаттарсыз бастаған компаниялардың жаңа тізімін жариялады. Қарағандыда ондай жеті компания бар екені.

Олар:

— «Т-К Building» ЖШС («Al-Farabi» ТК);

— «ТТ INVEST-2022» ЖШС («Хан» ТК);

— «Satti Lux Stroy» ЖШС («Нура» ТК);

— «Elite Home Invest» ЖШС («Life Garden» ТК);

— «ККК Бетон» ЖШС («Бақытты Отбасы» ТК);

— «Григорян» ЖК (Ремесленный, 2 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үй);

— «Лидер Строй» ЖШС («Арена» ТК).

Ведомство қарағандылықтарға салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмас бұрын құжаттарды мұқият тексеру керек екенін айтады. Қосымша ақпарат алу үшін МСҚБ-ға (8-7212) 43-22-43 осы телефондар арқылы хабарласуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *